«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрметті кəсіпкер!

2023 жылғы 30 Қазан
- Ұлытау облысы
8124 просмотров


Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде реттелетін сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін 60%-дан астам деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды.


Қойылған міндеттерді тиімді шешудің бір тəсілі – сатып алуда қазақстандық тауарлардың көлемін ұлғайту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық тауар өндірушілер арасында тығыз кооперация мен əріптестік орнату болып табылады.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен, жер қойнауын пайдаланушылармен жəне тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілермен бірлесіп, сатып алу жүйесін жетілдіру жəне нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу арқылы елішілік құндылықты дамыту бойынша практикалық тəсілдерді пысықтауда.
2023 жылғы 16 қарашада Астана қаласындағы ЭКСПО Конгресс- орталығы алаңында «Қазақстандық қамту 2.0» Бірінші Халықаралық Форумын (бұдан əрі – Форум) өткізуді жоспарлап отыр.
Форумның мақсаты тау-кен-металлургия кешені мысалында қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша жаңа цифрлық тетіктерді таныстыру болып табылады.
Еліміздің барлық өңірлерінен 2 000-нан астам отандық кəсіпорындар басшылары мен жер қойнауын пайдаланушылар, халықаралық корпорациялар, квазимемлекеттік сектордың, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысады.
Форумның практикалық нəтижелерінің бірі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы ұсынған жер қойнауын пайдалану саласындағы жаңа тəсілдерді ескере отырып, ұзақ мерзімді негізде меморандумдар мен келісімдерге қол қою болады.
Осыған байланысты, Форум жұмысына қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат пен тіркелу мүмкіндігі https://klmf2023.kz сілтемесі арқылы қол жетімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер