«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық "Атамекен" директоры кәсіпкерлер мен қызметкерлерге Республика күніне орай марапаттар табыстады

2023 жылғы 26 Қазан
- Павлодар облысы
8008 просмотров

Павлодар облысының бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері медальдар мен құрмет грамоталарын алды. Тапсыру рәсімі мемлекеттік мерекеге арналған салтанатты жиналыста өтті.

"Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбенов Республика күні – барша үшін маңызды күнге айналған үлкен мемлекеттік мереке екенін еске салды. 1990 жылы осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы құжаттың қабылдануымен жеке аумақ, азаматтық, мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастардағы дербестік, Қазақстанның егемендігін жариялайтын мемлекеттік рәміздер бекітілді. Яғни, ел аумағының егемендігі мен тұтастығы саяси, заңды және экономикалық тұрғыдан негізделген. 1995 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен 25 қазан Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күні болып жарияланды.

"Біз бәріміз тәуелсіздіктің, еліміздің өркендеуінің және оның тұтастығының белгісі ретінде осындай күннің маңыздылығын түсінуіміз керек. Құрметті кәсіпкер әріптестер мен ӨКП қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында Павлодар облысының көп жылғы жемісті еңбегі мен бизнесті дамытуға қосқан зор үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіремін!"- деді Ерқанат Әбенов.

Ол "Атамекен" ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Қобланбек Қожинге, "Саржайлау" ШҚ басшысы Жанат Ибраевке және "Атамекен" ӨКП кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әсия Закарьяноваға "Іске адалдығы үшін" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының медальдарын табыс етті.


"Атамекен" ҰКП Құрмет грамоталарына Дяк ЖК Аурика Дяк, "Еңбек жол" ШҚ Жамал Рамазанова және өңірлік кәсіпкерлер палатасының есепшісі Айман Уалитова, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ардақ Танжарық алғыс хатпен марапатталды.


Астанада тағы екі Павлодарлық кәсіпкерді "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттау рәсімі өтті. Оған "Ертіс Агро" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы Ерлан Тоқтышақов және "Жан-Дос KZ" ЖШС директоры, Павлодар облысының қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Жанар Серимова марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер