Ұлттық палатада Тұрақты даму мен ESG кеңесі құрылды
«Атамекен» ҰКП алаңында Тұрақты даму мен ESG кеңесі құрылды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов хабарлады.
«Біз Ұлттық палата алаңында Тұрақты даму мен ESG кеңесін құру туралы шешім қабылдадық. Өйткені бұл мәселелер күнделікті экономикалық белсенділікке, сондай-ақ еліміздің реттеушілері мен мемлекеттік саясатының күн тәртібіне белсенді түрде ене бастады. Мемлекет басшысы жоғары халықаралық алаңдарда Қазақстанның орнықты даму мақсаттарын қолдайтынын, елдің көміртегі бейтараптығына және экономиканы орнықтылық қағидаттары бойынша қайта форматтауға қол жеткізу ниеті барын бірнеше рет мәлідеді», – деді Райымбек Баталов.
Президент биыл Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясына қол қойғаны аталып өтті. Декарбонизация процесі барлық салалар мен аймақтарға, сондай-ақ инвестициялар, қаржыландыру, білім беру, қоғамдық сана сияқты сектораралық салаларға әсер етеді. Бұл маңызды заңнамалық, реттеуші, институционалдық өзгерістердің бастапқы нүктесі болады.
«Декарбонизация процесі, тұрақты даму мақсаттарын орындау, ESG қағидаттарын ел экономикасына енгізу – салалар, экспорттық белсенділікте, сатылымдағы ойын ережелеріне сөзсіз және қатты әсер етеді. Біз бизнес субъектілері ретінде бұған дайын болуымыз керек. ESG күн тәртібі декарбонизация күн тәртібінен кеңірек. Еуропа мен Азиядан келген қарсы серіктестеріміз ESG жобаларының дайындығы бойынша сұрақтар қояды. Қаржылық емес есептілікті ашу үшін жаһандық биржалар мен реттеушілердің объективті талаптары бар. Отандық бизнестен қаржылай емес есептілікті кім дайындап жатыр? Тек аз ғана бөлігі, бірақ 2024 жылдан бастап Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарында тиісті талаптар пайда болады. Дамыған елдер көміртегі бейтараптығына көшудің нақты мерзімдерін белгілейді және бұл 2060 жыл емес, әлдеқайда ертерек болады. Егер былтырғы жылы да реттеу әлі алыс деп айта алсақ, биыл қазақстандық реттеушілердің де қарқын алғанын көріп отырмыз», – деп толықтырды Ұлттық палата басшысы.
Спикердің айтуынша, стратегия іс-шараларын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу маңызды болмақ. Сондай-ақ, салалық және өңірлік бөліністерде орнықты даму және ESG қағидаттарын енгізу шеңберінде нарық пен реттеушілердің позициясын жинау, түрлі сатыда кәсіпкерлердің кең ауқымы арасында мәселенің мәнін түсіну бойынша жұмысты жолға қою қажет болады.
Осы жұмысқа Кеңес төрағасы ретінде жетекшілік жасау Юлия Якупбаеваға ұсынылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: