«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 Кәсіпкер көтерген мәселе назарға алынды

2023 жылғы 23 Қазан
- Түркістан облысы
5488 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында білім беруді және медицинаны дамыту комитетінің кезекті отырысы өтті.  Жиынды Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының құқықтық сұрақтар бойынша директор орынбасары Зухра Амирова ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда күн тәртібіне қойылған Ақсукент ауылында орналасқан «Тажинса» ЖШС бөбекжайы қосымша 175 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру барысында орын алған мәселе талқыланды.

Қазіргі таңда 100 бүлдіршін тәрбиеленіп жатқан балабақша құрылтайшысы Зикирилла Розакуловтың айтуынша, қосымша орынға тиісті құжаттар рәсімделген. Дегенмен, заң шеңберінде талапқа сай жүзеге асырып жатқан жүйелі жұмысын жалғастыруда кедергілерге кезіккенін жеткізді. 80-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылып отырған мекеме 2014 жылы ашылған. 

Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ахметов балабақша басшысына келесі өткізілетін конкурсқа қатысу туралы ұсынысын білдірді. «Тажинса» ЖШС бөбекжайын Сайрам ауданындағы алдыңғы қатарлы балабақша екенін атап өткен басқармасы басшысының орынбасары білім мен тәрбие беру саласында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. 

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер