«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мобильді топ мақта қабылдау пункттерінің  жұмысымен танысты

2023 жылғы 23 Қазан
- Түркістан облысы
5307 просмотров

Шардара ауданы ауыл округтеріндегі мақта жиын-терімі жұмыстары барысын қадағалау мақсатында мобильді топ  мүшелері мақта қабылдау пунктерінің  жұмысымен танысты. Жұмысшы топ құрамында аудан әкімінің орынбасары Нұрмахан Сапаров, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков, облыстық ауыл шаруашылығы, «Қазсушар» РМК, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылған. 

«Басты міндет таразы мен лабораториялардың талапқа сай болуы. Жоспарға сәйкес жуырда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес төрағасы, ҚР «Атамекен» ҰКП президиум мүшесі Нұралы Әбішов өңірдегі мақта қабылдау пункті мен зауыттарын аралап, мәселені бақылауына алды. Негізінен мобильді топ тарапынан шаруаларға қолдау көрсету барысы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы заң аясында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тұрғысында тиісті көмек көрсетеді», – деді Ербол Әуелбеков.

Жалпы Шардара ауданы аумағында 40 мақта қабылдау пункті бар. Аудан бойынша биыл 15259 гектар жерге мақта егіліп, шаруалар жиын-терім науқанын қарқынды жалғастырып жатыр. Биыл 44 мың тоннадан астам мақта жиналады деп күтілуде.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер