Қазақстанда ауыл шаруашылығында австриялық тәжірибе қолданылуы мүмкін
ҰКП алаңында «Атамекен» және Қазақстан сыртқы сауда палатасы өкілдерінің австриялық ААС ауылшаруашылық кластерінің бас директоры Герман Визер, Schauer Agrotronic GmbH өкілі Александр Шван, Pessl Instruments GmbH Бенедикт Пирхер және басқалармен кездесуі өтті.
AAS компаниясының құрамына 20-ға жуық ірі компания, соның ішінде университет кіреді. Олар жемшөп дақылдарын өсіру, мал шаруашылығы, агро саласында цифрландырумен айналысады. Негізгі қызметі – ет және сүт өндіру және өңдеу. Schauer Agrotronic GmbH жануарларға арналған жабдықтар шығарады, ал Pessl Instruments GmbH фермаларға арналған метеостанцияларды өндіреді.
«Атамекен» өкілдері шетелдік әріптестердің жаңа технологияларын, бірлескен ынтымақтастықты қарастыруға дайын.
«Мемлекет 65 сүт-тауар фермасын кеңейту бойынша жоспар құрып отыр. Біз австриялық төрт түліктің сапасы туралы білеміз. Бізге өнімділігі жоғары ірі қара, қой-ешкі керек. Сондай-ақ, біз аграрлық ел ретінде өндіріс, қайта өңдеу технологияларын трансферттеуге мүдделіміз», – дейді «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Ербол Есенеев.
Қазақстанда қой шаруашылығы бойынша бағдарлама әзірленіа жатыр. Құжат асыл тұқымды малды әкелуді де көздейтін болады. Сонымен қатар, күн райының мониторингі жүйелері қызығушылық тудырды. Биыл елде қатты құрғақшылық пен ұзаққа созылған күзгі жаңбыр болды, сондықтан күн райына мониторинг жүргізу өзекті.
Қонақтарға Еуропаға органикалық өнім жеткізу бойынша қазақстандық бизнестің мүмкіндіктері ұсынылды. Мысалы, бірнеше компанияның тиісті сертификаттары бар, олар Еуропа елдеріне зығыр мен көксерке балығын экспорттайды. Қазақстанда мұндай өнімді өндірудің өзіндік құны әлдеқайда төмен.
Австриялықтардың Ресейде фермалар құру тәжірибесі бар, олар осы тәжірибені бөлісуге уәде берді. Астриялықтар жабдық, техникалық сүйемелдеу және генетикалық материалды қамтамасыз етуге дайын.
Тараптар күрделі геосаяси жағдай мен логистикалық тізбектердің бұзылуы жағдайында тұрақты жеткізілім қаншалықты мүмкін екенін талқылады. Кездесу соңында оқыту, жабдықтар, ғылыми тәсіл және басқа да құзыреттермен танысуға байланысты мәселелерді пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: