«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер Алматы полициясына патруль жүргізу үшін самокаттар ұсынды

2023 жылғы 11 Қазан
- Алматы қаласы
8507 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы, Полиция департаменті және бизнес-қоғамдастық Алматы қаласы Көлік және логистика кеңесінің «Микромобильділік» бағыты бойынша жұмыс тобының Ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Көлік және логистика кеңесінде самокаттар мен мопедтермен жүру қауіпсіздігін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныс айтыды. Жиын модераторы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы басқарушы директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова Алматы азаматтарының микромобильділігі мен жолдардағы қауіпсіздік мәселесінің өзектілігін атап өтті.

 Дегенмен қала тұрғындары арасында микромобильді көлік түріне сұраныс артып келеді.

 Қазіргі кезде Алматы аумағында электр самокаттарын жалға алу қызметтерін «Ozim», «Jet», «Yandex», «Eleven», «Whoosh» компаниялары ұсынады. Бұл компаниялар 15 мың бірлік электр самокаттарын жалға береді.

«Jet Sharing» ЖШС директоры Мусалав Әлібеков қазіргі кезде самокаттарға қатысты теріс пікір қалыптасып жатқанын айтты.

 «Электр самокаттары тым қауіпті деген теріс пікірлер айтылып жатыр. Бұл қате пікір деп ойлаймын. Электр мобильділік жолдағы жалпы қауіпсіздікті арттырып жатыр. Сондықтан полиция департаментінен бізге жәрдемдесуге, жолдарда қандай жағдай болып жатқаны туралы, қандай жарақат қауіпті, қандай қағидалар барын хабарлап тұруды сұраймыз. Қазір барлық жол-көлік оқиғасына самокаттар жүргізушілер кінәлі деген пікір бар. Шын мәнінде самокат – қауіпсіз көлік. Осындай теріс пікірлер кәсібімізді қиындатады», – Мусалав Әлібеков.

Спикер полицияның электр самокаттар қозғалысын пысықтау мәселесін көтерді. Полиция қызметкерлері велосипед жолымен немесе тротуармен жүрген самокатшыларды да жауапқа тартқаны жайында фактілер бар. Қазір халық арасында ақпарат жетіспейтіні айтылды.

«Біздің қызметкерлер де бұл тізімге ілікті. Олар тротуар және велосипед жолдарымен жүрсе де полицейлер куәлік пен шлемдерді талап еткен. Сондықтан, тексеру жүргізген кезде қағидаларды бұзушыларды мүмкіндігінше анықтау және айыппұл салу үшін емес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс істеуді сұраймыз. Қылмыскерлер өте көп, бірақ барлықы жаппай ұстауға қарсымыз», – деп атап өтті Мусалав Әлібеков.

Кикшеринг өкілдерінің айтуынша, кәчіпкерлер тығыз, тиімді және құрылымды ынтымақтастыққа дайын.

«Жол қозғалысы қағидаларын бәріміз сақтауымыз керек. Бірақ егер қабылданған шешімдер бойынша қандай да бір шағымдар болса, біз қарастыруға дайынбыз. Бір жерде полиция қызметкерлері де дұрыс шешім қабылдамауы мүмкін, оны жоққа шығармаймыз. Егер нақты фактілер болса, тиісті шараларды қарастырып, қабылдаймыз», – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Д.Дуанбеков.

 «Әр факті бойынша мән-жайды анықтауға дайынбыз. Қалада виедокамералар жеткілікті. Сонымен қатар полицейлер – билік өкілдері екенін және оларды видеоға түсіруге болатынын атап өткен жөн. Сондықтан қандай да бір түсініксіз жағдайда телефоныңыздағы камераны қосып, бәрін түсіріп алыңыз», – деді Алматы қаласы ІІД цифрландыру жөніндегі ПД бастығының орынбасары Ольга Агафонова.

Сонымен қатар деректерді қабылдайтын 102 қосымшасы бар екені айтылды. Қосымшаға фото-видео материалды жіберуге болады. Деректер 3 күн ішінде қаралады.

Сонымен қатар, Алматыда мобильді көлік қала көшелерін патрульдеуде қолданылады. Ольга Агафонова «Jet Sharing» ЖШС компаниясына полиция қызметкерлеріне тегін самокаттарды ұсынғаны үшін алғысын білдірді.

 «Полицейлерге самокаттар берілді. Енді олар жол жүру қағидаларын бұзғандарды самокатпен қуып, ұстай алады. Автокөлікпен аула, тар көшелер арқылы жүру мүмкін емес. Жүгіріп те қуып жету қиын. Сондықтан «Jet Sharing» ЖШС-на рахмет». – деді Ольга Агафонова. – Неліктен біз мұндай меморандумды қабылдап жатырмыз? Біз екі жақты байланыс орнатқымыз келеді. Қазір тұрғындар, нарық өкілдері полииця қызметін бағалап, осы бағытта жәрдемдескенін, самокатпен қозғалуды қауіпсіз етуді қалаймыз».

«Микромобильділік» бағыты бойынша жұмыс тобының Ынтымақтастық туралы меморандумға Алматы қаласы ІІД цифрландыру жөніндегі ПД бастығының орынбасары Ольга Агафонова, Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы Төрағасының м.а. Нариман Ибрагимов, Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы, кикшеринг бизнес-қоғамдастығының өкілдері қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер