«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сақтандыру компанияларының мемлекеттік сатып алудағы қаржылық тұрақтылығы жаңа тәсілмен есептеледі

2023 жылғы 11 Қазан
7210 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

Сақтандыру компанияларының мемлекеттік сатып алудағы қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптар компаниялардың ерекшеліктерін ескере отырып тікелей есептелетін болады. Тиісті толықтыру Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілді.

Осындай қажетті түзетулерді енгізу мәселесін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палаасы көтерді. Ұлттық палатаның мәліметі бойынша, бұған дейін қолданыста болған қаржылық тұрақтылықты есептеудің бірыңғай формуласы сақтандыру компанияларына мемлекеттік сатып алуға қатысуға мүмкіндік бермеді. Өйткені сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында кірісті қалыптастырудың айырықша тәртібі бар.

«Осы уақытқа дейін «төленген салық көрсеткіші» критериіне үш сақтандыру компаниясы ғана сәйкес келді. Бұл жайт бәсекелестікті шектеді және басқа да әлеуетті жеткізушілердің наразылығын тудырды. «Атамекен» ҰКП және кәсіпкерлердің бастамасымен енді сақтандыру компанияларының мемлекеттік сатып алудағы қаржылық тұрақтылығына қатысты талап компанияның ерекешлігін ескере отырып есептелетін болады», – деді «Атамекен» ҰКП Реттелетін сатып алу департаментінің директоры Руслан Шоқаев.

  Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері жаңашылдыққа оң баға беріп, кезекті кедергі жойылып, бизнес мәселелерінің бірі шешілгенін атап өтті.

Айта кету керек, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ҚР сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы жұмыс істеген. Соның 9-ы өмірді сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер