«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің проблемалары назарға алынды

2023 жылғы 10 Қазан
4838 просмотров

ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдар, бизнес өкілдерінің қатысуымен Бизнестің түйткілді мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Жиында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға белгілеу; отандық тауар өндірушілер мен өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің негізгі өнеркәсіптік тұтынушылары арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу мәселесі қаралды. Сонымен қатар аванстық төлемді сақтандыру келісімшартын жасау мүмкіндігімен келісімшарт жасағаннан кейін 30% аванс төлеуді көздейтін жобалау ұйымдарының жұмыстарына ақы төлеудің кезеңдік жүйесі; жанармай станцияларында есепке алудың бақылау аспаптарынан деректерді «ҰАТ» АҚ деректер операторына беру жөніндегі абоненттік төлемді бағалық реттеу; тұрмыстық қалдықтарды басқару саласын дамыту үшін салықтық преференциялар беру мәселелері де көтерілді.

Кәсіпкерлер Денсаулық сақтау министрлігінен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шеңберінде дәрілік заттар/медициналық құралдарға міндетті, жыл сайынғы бағаны тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді алып тастауды сұрайды. Сонымен қатар шетелдік өндіруші дәрілік заттың тіркелген бір бағасы болған кезде, шетелдік өндіруші бағаны 20%-дан астамға төмендеткен жағдайда шетелдік өндірушінің бағасы негізінде отандық өндірушілердің дәрілік заттарына баға бекіту мүмкіндігін алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылды.

«Агромир» ТПБ» ЖШС директоры Наталья Поплавец отандық тауар өндірушілер мен өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің негізгі өнеркәсіптік тұтынушылары арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу мәселесін көтерді.

 «AsiaGeoProject» ЖШС директоры Виталий Ширяев 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 5-бабының 5-на өзгерістер енгізу жөніндегі мәселені алдын ала төлемді сақтандыру келісімшартын жасау мүмкіндігімен келісімшарт жасағаннан кейін 30% аванс төлеуді көздейтін жобалау ұйымдарының жұмыстарына ақы төлеудің кезеңдік жүйесін белгілеу бойынша ұсыныс айтты.

 Қазақстан отын қауымдастығының атқарушы директоры Жақсылық Жанқаловтың айтуынша,  «ҰАТ» АҚ деректер операторына жанармай құю станцияларының бақылау аспаптарынан деректерді беру жөніндегі абоненттік төлемді бағалық реттеу мәселесі қосымша пысықталатын болады.

Ерұлан Жамаубаев «KazWaste» Қазақстан қалдықтарды басқару қауымдастығының басқарма төрағасы Шынболат Байқұлов тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласынндағы көтерген мәселелермен келісіп, бұл проблема өзекті екенін атап өтті. Айтылған мәселелерді пысықтап, оларды мүдделі органдармен жеке кеңеске шығару ұсынылды. Атап айтқанда: ҚТҚ әкетуге арналған тарифтер, сала кәсіпкерлерін субсидиялау және утиль алымы қаражаты есебінен материалдық-техникалық жарақтандыруды қолдау, сондай-ақ сала үшін салық жеңілдіктері.

 Кәсіпкерлер белгілеген түйткілді мәселелер ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан  Жамаубаевтың тапсырмасы бойынша бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерімен қосымша қаралып, талқыланатын болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер