«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада үш кассациялық сот құру жоспарланып отыр

2023 жылғы 05 Қазан
9180 просмотров

«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров Қазақстанда жекелеген кассациялық инстанция құру мәселесін талқылау үшін ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев және Сот әкімшілігінің басшысы Наил Ахметзакировпен кездесті.

  «Біз өтініштерді алдын ала қарау және мүліктік цензураға байланысты кассацияға қол жеткізу бойынша қолданыстағы шектеу мәселесін бірнеше рет көтеріп, талқыладық. Кәсіпкерлер әділет іздеп, қорғау табуға үміттеніп, соттарға жүгінуге мәжбүр. Бірақ қазіргі кезде үш буынды сот төрелігі жүйесі үлкен сұрақтар туғызады. Облыстық соттар жанындағы кассациялық алқаларды алып тастау өз уақытында сапалы сот төрелігіне қол жеткізуді шектеді. Егер бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар заңсыз шешімдер шығарса, онда бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін сотқа қайта жүгіну мүмкін болмайды», – деді Райымбек Баталов.

 Сондықтан бизнес-қоғамдастық өкілдері  тараптарға барлық санаттағы істерге шектеусіз шағымдану мүмкіндігін беру қажет деп санайды.

 «Атамекен» ҰКП Астана қаласында жекелеген кассациялық соттарды құру идеясын толығымен қолдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде біз кәсіпкерлерді сотқа жүгінуге мәжбүрлейтін мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтарды жою бойынша жүйелі шаралар қабылдау және мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне шағымдарды талдауға өз сараптамалық сүйемелдеуімізді ұсынуға және белсенді қатысуға дайынбіз. Бұл әкімшілік әділетті кеңейтуге де қатысты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, осы жылдың соңына дейін кәсіпкерлік қоғамдастықтың Жоғарғы Сот басшылығымен кеңейтілген кездесуін өткізуді ұсынамыз», – деді Ұлттық палата басшысы.

Қолдау көрсетілсе, Ұлттық палата өкілдері «Жол картасын» қабылдап, оған  істердің нақты санаттары бойынша практиканы зерделеу сұратары мен бизнесті толғандыратын басқа да мәселелерді қосуға дайын.

 Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев жекелеген кассациялық соттардың жұмыс принциптері туралы пікірін бөлісті.

«Қазір елордада қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құру жоспарланған. Бұл шара алқалардың жұмысын болдырмайды, ал кассациялық соттардың штаты шамамен 100 судьядан тұрады. Бірыңғай кассациялық тәртіп заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау;  алдын ала қараудың болмауы; 6 ай шегінде ақылға қонымды мерзімдер белгілеу; істерді мәні бойынша үш судья құрамында қарауды қамтитын болады», – деп атап өтті Жоғарғы Сот төрағасы.

 Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров Ұлттық палатаның қарашада Әкімшілік әділет мәселелерін талқылау және жекелеген кассациялық инстанция құру үшін елдің бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізу қажеттілігі туралы бастамасын қолдады. Осыған байланысты, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров пен сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров бірлесіп, Заң қоғамдастығы және кәсіпкерлермен кездесу өткізеді.

 «Біз «Атамекен» ҰКП сарапшыларымен Жол картасының жобалық нұсқасын дайындадық. Қазір бизнеспен кеңейтілген кездесу өткізу күнін анықтау, сондай-ақ барлық облыстық сот, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, заң қоғамдастығы мен депутаттардың қатысуын қамтамасыз ету қажет. Кәсіпкерлер айтқан тұйткілді мәселелерді «Жол картасына» қосуды ұсынамыз, – деп түйіндеді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер