«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Транскаспий халықаралық көлік бағытында жүк ағыны екі есе артты – Райымбек Баталов

2023 жылғы 05 Қазан
7785 просмотров

 2023 жылдың 8 айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы 1,7 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары көрсеткіш. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағытының көлік инфрақұрылымы шамамен 6 млн тонна тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов «New silk way» VI Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумының ашылуында мәлімдеді.

Әлемдегі қазіргі жағдайды ескеріп, ауқымды өзгерістерді көріп отырмыз. Қазақстан алғашқы күндерден бастап жүктердің логисикалық тізбегін үзіп алмау үшін жедел шараларды қабылдады. Атап айтқанда, жүк ағынын Транскаспий халықаралық көлік бағытына бағдарлау бойынша жұмыс пысықталды. Нәтижесінде бұл бағыт оң динаминканы көрсетіп отыр», – деді Райымбек Баталов.

Айта кету керек, Қазақстан арқылы жүк ағынын ұлғайту бойынша жаңа сын-қатерлер елдің көлік инфрақұрылымының өткізу қабілеті мен қайта өңдеу қуатындағы проблемаларды көрсетті. Олардың шешімі инвестицияны қажет етеді.

«Атамекен» ҰКП басщысының айтуынша,  негізгі бағыттарды жедел ауқымды жаңғыртылып, «тар өткелдерді» жоймаса, бұл мәселе ел экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Бизнес қоғамдастық теміржол инфрақұрылымына инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл теміржол инфрақұрылымының «тар өткелдері» проблемаларын шешу үшін жеке сектордың қаражаты есебінен Магистарльді теміржол желісіне жаңа станциялар, разъездер, озу пункттерін салуға инвесторларды қысқа мерзімде тартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті спикер.

Райымбек Баталов автокөлік саласындағы проблемалар туралы да айтты. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту үшін автомобиль тасымалдарына арналған шетелдік рұқсат бланкілеріне қажеттілік артқан.

Қорытындылай келе, Райымбек Баталов форумда Үкімет пен бизнес, сондай-ақ қатысушылар арасындағы диалогқа қол жеткізіліп, тараптар өзара тиімді уағдаластықтарға келетініне сенім білдірді.

Еске салсақ, Астанада «Көлік және логистика» атты 26-шы Қазақстандық халықаралық көрме және «New silk way» VI Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы басталды.

Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Германия, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Литва, Латвия, Польша, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Финляндия және Эстония елдерінен 1000-нан астам қатысушы жиналды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер