«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтауда әйел кәсіпкерлерінің халықаралық конгресі басталды

2023 жылғы 27 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
10847 просмотров

Ақтау қаласында «ASMAR» – бірлік дәстүрлері» әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық конгресі өтіп жатыр.

Бағдарламада табысты отандық және шетелдік кәсіпкерлер – Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлмира Толғанбаева, Шолпан Түсіпбекова, Қайрат Хасанов, Сәуле Салихова, Айжан Чыныбаева, Мират Ахметсадықов баяндамадарын ұсынды. Сонымен қатар шараға «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков қатысты.

Конгресстің маңызды оқиғасы екі ұлттық жоба – «ALTYN OIMAQ» және Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Мен кәсіпкер» құралы шеңберінде іске асырылып жатқан «Бір ауыл –бір өнім» өнімдерінің бірегей көрмесі болды. Жеңіл өнеркәсіптің заманауи өндірістері мен ауылдағы микробизнестің жаңа субъектілері Қазақстаннан тыс жерлерге жеткізіліп жатқан өз бұйымдарын таныстырды.

 Ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «ASMAR» Қазақстан Республикасының Ұлттық әйелдер кәсіпкерлігі қауымдастығы.

 «Құрық ауылында киіз басатын, киіз өнімдерін шығаратын қыз-келіншектердің еңбегі ерекше. Бұл «Мен кәсіпкер» жобасы аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасының нәтижесі екенін білеміз. Пилоттық жоба басқа да өңірлерде іске асырыла бастады», – деді Тимур Нақыпбеков.

 ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, ASMAR қауымдастығы төралқасының төрайымы Лаззат Рамазанованың айтуынша, жобаның мақсаты – бизнеске жаңа үрдістер арқылы биікке  жетуге көмектесу. Қазақстандық кәсіпкерлердің 70%-ы шағын және орта бизнеспен айналысады.

 Шараға Әзірбайжан, Қырғызстан мен еліміздің барлық өңірлерінен 400-ден астам әйел кәсіпкер жиналды.

«Жаңадан келген әйелдерде өз ісін бастауға ниет бар, бірақ көшірмеге салынған бизнес-жоспарлар, әлсіз есептеу және жобаларды бақылаудың болмауы қызықты идеяларды әу бастан баяулатады. Бізге нақты кластерлер мен критерийлер бойынша ауылдағы перспективалы жобаларды қаржыландыру үшін жаңа мақсатты бағдарламалар қажет. Бірақ бұл ретте  гранттар сомасын 25 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін ұлғайту керек»,– дейді облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер