«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата және Сауда министрлігі экспорт мәселесін шешу штабын құруды жоспарлап отыр

2023 жылғы 28 Қыркүйек
5932 просмотров

Ұлттық палатаның алаңында отандық экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шараларын талқылау үшін Сауда және интеграция министрлігі және «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен отырысы өтті.  

«Қазір өзекті мәселенің бірі – экспорт мәселесі. Басқа мәселелерді де  кәсіпкерлер айтады. Кездесуіміздің нәтижесі бойынша біз проблемаларды шешу үшін нақты ұсыныстар әзірлейміз...» – деді Ұлттық палата төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Бизнес өкілдері астықты жем-шөп және көмір экспортымен байланысты туындаған қиындықтарға назар аударды.

Астық одағының атқарушы директоры Мұратбек Исабаевтың айтуынша, Қазақстанда биыл жемге кететін астық қалдығы көп. Қазір 2-3 млн тонна болады деп болжанып отыр. 

«Тарихи тұрғыдан олай болған жоқ. Бұл күннің өзектілігі – жемшөп сату. Сондықтан экспорттық бағыт бойынша мүмкіндік беру керек деп санаймыз. Сондай-ақ көлік инфрақұрылымының жұмысы тұрақсыз», – деп атап өтті Мұратбек Исабаев.

Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев экспорттаушыларға экспорт бойынша көлік стратегиясын қайта қарауды және логистикаға жұмсалған шығындарды өтеудің орнына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дан вагон құрамдарын алдын ала сатып алуды ұсынды. Спикер экспорт бойынша арнайы штаб құру және барлық транзакциялық шығынды бірлесіп есептеп, штаб жұмысы шеңберінде осы мәселені қарауды ұсынды.

«Мүдделі министрліктер, ең алдымен, Көлік министрлігі, Өнеркәсіп министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі әріптестер - біз логистика, тасымалдау және экспорттық бағытты қолдау шараларына қатысты мәселелерді жүйелеу үшін экспорттық штаб құрамыз. Себебі  экспортты жоспарлау кезінде ғана емес, ел ішінде де көптеген мәселе барын көріп отырмыз.  Біз бизнес-қоғамдастықпен ҰКП алаңында тұрақты кездесуге дайынбыз», – деді ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Кездесу қорытындысы бойынша жиынғаа қатысушылар үйлестіру алгоритмдері, сондай-ақ экспорттық акселерацияға бағытталған нақты шараларды бекіту үшін келесі кездесуді министрлердің қатысуымен өткізуді жоспарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер