«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көлікке дабыл түймесін орнатуға қатысты талап 4 жылға шегерілді

2023 жылғы 27 Қыркүйек
7625 просмотров

26 қыркүйекте өткен ЕЭК Кеңесінің жиыны шеңберінде Қазақстан ЕАЭО аумағында өндірілетін және шетелдік дайындаушылардың ресми өкілдері әкелетін көлік құралдарына SOS түймесін орнату жөніндегі талапты 4 жылға кейінге шегере алды.

Демек, көлік құралдарын отандық өндірушілер мен шетелдік өндірушілердің ресми өкілдері 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін SOS түймесін орнатпай сәйкестік бағалауын жүргізіп, көлік құралдарын пайдалануға бере алады.

 Еске салсақ, SOS түймесін орнату бойынша талапты алып тастау мәселесі Ұлттық палатада 6 жылдан бері көтеріліп келеді.

Талаптың мерзімін ұзарту қажеттілігі құрамдас бөліктердің тапшылығы, шетелдік автоөндірушілердің қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты ресейлік зертханаларда осы құрылғылардың іске қосылуына бағалау жүргізе алмауы, ЕАЭО-ның барлық елінде олардың жұмысқа қабілеттілігі үшін қажетті инфрақұрылымның болмауына байланысты туындады.

Аталған бастаманың орындылығы Қазақстан Республикасының барлық аумағы ұялы байланыспен қамтылмағанымен расталады.  Өтйкені SOS түймесі ұялы байланыс бар жерде ғана жұмыс істей алады.

Осылайша, қабылданған шешім Қазақстанның автомобиль саласын дамытуға ықпал етеді, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарығына Көлік құралдарын үздіксіз өндірісі мен импортын, сондай-ақ сертификаттық сынақтарды жарақтандыру және жүргізуге байланысты бизнестің қаржылық шығындарын азайту және нарықта автокөліктің модельдік қатарын кеңейтуді қамтамасыз етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер