«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық «Атамекеннің» қызметкерлері Ақсу қаласында 30 бизнес-жобаға қолдау көрсетті

2023 жылғы 27 Қыркүйек
- Павлодар облысы
5070 просмотров

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Ақсу қалалық филиалы бизнес-қоғамдастыққа жылдың алғашқы сегіз айындағы жұмысы туралы есеп берді. Оның қызметкерлері кәсіпкерлерге 561 кеңес беріп, он бес бизнес-жоспар әзірледі.

«2023 жылдың сегіз айында Палатаның Ақсу қалалық филиалы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) желісі бойынша 191 клиентке қызмет көрсетіп, 561 кеңес берілді. КҚКО менеджері Гүлзия Жакина 14 бизнес-жоспар әзірледі, оның сегізі - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алуға бағытталған», - деді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы Ақсу қалалық филиалының директоры Сайлаугүл Жақыпова Ақсу қаласы кәсіпкерлер кеңесінің жаңартылған құрамының бірінші отырысында.

Жиында кеңес төрағасын сайлап, «Атамекен» Павлодар өңірлік палатасының Ақсу филиалының 2023 жылғы сегіз айдағы есебін тыңдады. Сайлаугүл Жақыпованың айтуынша, жыл басынан бері Ақсу қаласында Палата 13 кәсіпкерлік субъектісін (ЖК) ашуға көмектескен. Сонымен қатар, жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізілді: құжаттарды рәсімдеу, бизнес өкілдеріне кеңес беру.

«30 жоба сүйемелденіп, 23 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде Аграрлық несие корпорациясы арқылы 136 961 000 теңге сомасына 23 жоба қаралып, мақұлданды», - деді ол.

Жылдың сегіз айында мұнда бизнес субъектілерінен жеті өтініш келіп түсті, тағы үшеуі - ауызша. Олардың барлығы оң шешімін тапты. Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының Ақсу қалалық филиалы он бір консультативтік-кеңесші органнан тұрады: халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссияда, меншікке және жер пайдалануға учаскелер беру жөніндегі жер комиссиясында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комиссияларында қалаішілік және аудандық маршруттарға тарифтер бойынша, гранттық қаржыландыру бойынша комиссияларда.

«Атамекен» филиалы өңіріміздегі кәсіпкерлердің өзекті, маңызды түйткілді мәселелерін қарастыра отырып, кәсіпкерліктің құқығы мен мүддесі шешілетін барлық кеңес беру-ақылдасу органдардың жұмысына қатысады. Ең маңызды оқиғалар газетте және әлеуметтік желілерде жарияланды, бұл сегіз айда 163 басылымды құрады», - деді ол.

Сайлаугүл Жақыпованың айтуынша, «Атамекен» ӨКП Ақсу қалалық филиалының қызметкерлері өңірдегі кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты 54 іс-шараға, оның ішінде 19-ы бейнеконференцбайланыс арқылы қатысқан.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін прокуратурада тағы бір топ құрылды, оның құрамына прокурор мен құқықтық статистика өкілінен басқа Палатаның қалалық филиалының өкілдері кірді. «Атамекен» қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілерін қорғайтын жергілікті атқарушы органдармен белсенді және тығыз ынтымақтастықта.

«ӨКП филиалының жұмысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белгілеген басым бағыттар негізінде жүзеге асады», - деп түйіндеді спикер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер