«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда жүк тасымалының әуе транзиті жандануы мүмкін

2023 жылғы 27 Қыркүйек
6478 просмотров

Кейінгі бес жылда транзиттік декларацияны толтыру кезінде тауарлардың құны, валютасы және СЭҚ ТН кодын көрсету қажеттілігіне байланысты әуе көлігімен транзиттік жүк тасымалы тоқтатылған еді. Алайда, «өтпелі транзит» кезінде дәл осы ақпаратты  ұсыну басты қиындық болды. Өйткені олар көбінесе ілеспе құжаттарда көрсетілмейді. «Атамекен» Ұлттық палатасының ситуацияға  араласуы арқылы бірінші қазаннан бастап Ұлттық авиатасымалдаушы әуе көлігімен транзиттік жүк тасымалдауды қайта бастай алады.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, бұл мәліметтерді берудегі басты мәселе Халықаралық жүк тасымалы және осыған байланысты барлық формалды ақпарат IATA, ICAO құжаттарымен реттеледі. Ал бұл құжаттар  СЭҚ ТН құны, валютасы және коды туралы мәліметтерді көздемейді.

«Әуе көлігі – бірінші кезекте тауарды тез жеткізу құралы. Сондықтан біз барлық кедендік құжат тапсыруларды жеңілдету үшін барынша күш салып,   қазақстандық авиакомпаниялар үшін осы талаптарды алып тастау бөлігінде ЕЭК Алқасының шешіміне қол жеткіздік. Енді компаниялардың жүктерді Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға Қазақстан арқылы тасымалдауға мүмкіндігі пайда болды. Бұл шара, сөзсіз авиация саласының экономикалық өсуіне серпін береді, бюджетке қосымша түсімдер әкеледі, әділ бәсекелестікті қамтамасыз етіп, еліміздің әуе дәліздерінің транзиттік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді», - деді Тимур Жаркенов.

 Қазіргі кезде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға транзиттік тасымалдар негізінен Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бірақ ЕАЭО елдері арқылы өтпейді. Өйткені онда транзиттік тасымалдаудың қолданыстағы тетігі транзиттік әлеуетті толық дамытуға мүмкіндік бермейді.  

«Атамекен» ҰКП мамандарының енбегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Еуразиялық одағы бағалады.

«Біз мемлекеттік органдардың жұмысымен үнемі бетпе-бет келіп, нормативтік-құқықтық базаны қарау, әзірлеу және жетілдіруге белсенді қатысамыз. Біз «Атамекен» ҰКП өкілдері тарапынан қазақстандық бизнестің мүддесін қорғау және практикалық көмекті сезінеміз. Бұл әсіресе ЕЭК алаңында байқалып отыр. Соңғы мысалдардың бірі - Қазақстан үшін республика аумағы бойынша әуе көлігімен транзиттік тасымалдауды жеңілдететін нормаларды қабылдау. ҰКП бастамасымен Қазақстанның әуе саласы жүк авиатасымалдарын дамыту үшін жаңа старт алады», - дейді Одақ төрағасы Құрманғали Алдабергенов.

Айта кетейік, ЕЭК Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы «Транзиттік декларацияның формасы және оны толтыру тәртібін бекіту туралы, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерін өзгерту және күші жойылды деп тану туралы» № 73 шешімі (өзгерістермен, ЕЭК Алқасының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 104 шешімімен енгізілген) енгізіледі осы жылдың 1 қазанында күшіне енеді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер