«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның жүк көліктері Ресеймен шекарада он күннен артық тұрып қалды – Ұлттық палата

2023 жылғы 25 Қыркүйек
9228 просмотров

Ұлттық палата алаңында «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен отандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі алқа мүшесі Андрей Слепневпен кездесті.

 «Қазіргі кезде сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, мемлекеттеріміздің ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастығы оң динамиканы көрсетіп отыр. Одаққа мүше мемлекеттер экономикалық өсу қарқыны мен өзара сауда көлемін өсіріп келеді. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында туындайтын проблемаларды атап өтпесе болмайды», – деді Райымбек Баталов.

 Спикердің айтуынша, бұл кездесу кәсіпкерлерге мәселелерді Комиссиямен пысықтауға мүмкіндік беріп, серіктестер арасындағы қарым-қатынасты арттыруда тағы бір қадам болады.

 Ұлттық палата мамандары бірінші кезекте Ресей Федерациясының аумағынан тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге рұқсат беру тәртібінің қолданылуы туралы мәселені көтерді. Рұқсат беру тәртібіне ауыл шаруашылығы техникасы, көлік құралдары мен қосалқы бөлшектері, өнеркәсіптік өнімдер, телекоммуникация, зертханалық, өндіру, геологиялық-барлау, геофизикалық жабдықтар, сондай-ақ медициналық мақсаттағы тауарлар ілікті. «Атамекен» ҰКП бұл тәртіп  ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергі өзара сауданы айтарлықтай шектейтінін, ал қазақстандық кәсіпкерлер бірқатар проблемаға тап болып отырғанын бірнеше көтерді. Сондықтан Ұлттық палата ЕАЭО басшылығына осы мәселені шешу бойынша көмек сұрап жүгінді.

 Кездесуде сондай-ақ, аяқ киімді таңбалау, электрон навигациялық пломбалардың қымбат болуы, Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының бос контейнерлерді әкету кезінде ЭШФ беру туралы негізсіз талабы, жүк көлігі үшін Ресей Федерациясы мен ҚР арасындағы шекара маңындағы өткізу пункттеріндегі проблемалар аталды.

 

«Еуразиялық үкіметаралық кеңестің №5 шешіміне сәйкес Қазақстан аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды өткізу кезінде ҚР Ұлттық есепке алу жүйесінде тіркелген электрон шот-фактураның (бұдан әрі – ЭШФ) қағаз тауарға ілеспе құжат ретінде танылады. Бос контейнерлер алып қою тізбесіне кіреді, алайда, осы шешімді қабылдаған кезде Тараптар контейнерлердің түрлі кедендік режимдері болуы мүмкін (тауар да, ыдыс та деп санауға болады) фактісін есепке алмады. Егер контейнерлер тара ретінде пайдаланылса, онда ЭШФ қолданылмайды. Бұл факт ҚР соттары және ҚР Мемлекеттік кірістер комитетімен расталған. ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті МКК-ның барлық құрылымдық бөлімшелеріне көп айналымды тара ретінде пайдаланылатын бос контейнерлерді әкету кезінде салық төлеушілерден ЭШФ үзінді көшірмесін және табыс етуді талап етпеу туралы жазбаша нұсқау жіберді. Сонымен, контейнерлерді Қазақстаннан әкету кезінде ЭШФ талап етілмейді, бірақ Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары ҚР Мемлекеттік кіріс органдарының мөрімен расталған ЭШФ ұсынуды негізсіз талап ете бастады», – деді «Ренус интермодал системс» ЖШС өкілі Марина Веделянчикова.

 Осыған байланысты кәсіпкерлер Еуразиялық үкіметаралық кеңестің №5 шешіміне өзгерістер енгізіп, РФ тарапынан бос контейнергерге ЭШФ бойынша талапты жойылуына жәрдемдесуді сұрады.

 Сонымен қатар Ресей және Қазаұстан шекарасында жүк көліктерін өткізу пунктеріндегі мәселе көтерілді. Кәсіпкерлер Ольга Исакова мен Омари Харбедияның айтуынша, кейінгі үш айда Ресей Федерациясы мен ҚР арасындағы жүк көлігі үшін шекара маңындағы өткізу пункттерінің өтуі мәселесі Ресей шекарасынан Троицкий өткізу пунктінде электрон кезектің енгізілуіне байланысты қиындап кетті.

 «Электрон кезек жағдайды қиындатып жіберді. Өйткені ондағы кезекке жазылу сапарға шықпай жатып 14 тәулік бұрын ашылады және барлық санаулы минутта брондалып кетеді. Соның салдарынан шекараның өзінде кезекте тұрған тасымалдаушылар 10 тәулікке дейін тұрып қалады, сәйкесінше барлық жүк ағыны Троицкий өткізу пунктінен Петухово мен Ельцово өткізу пункттеріне қайта бөлінді. Қазіргі ұзын-сонар кезек 8-10 шақырымды құрап отыр. Сонымен қатар Петухово мен Ельцово өткізу пункттерінде қызметкерлер саны жетпей жатыр. Мысалы Петуховада 12 саға ішінде шекарадан небәрі 50 жүк көлігі өткен, Ельцоводан 10 көлік өткен», – деп мәлімдеді кәсіпкерлер.

Соның салдарынан жеткізу мерзімдері бұзылып жатыр, мерзімдерді бұзғаны үшін айыппұл салынып, шарттық міндеттемелер орындалмай, тауарды жеткізу құны өсіп кетті. Осыған байланысты, ЕЭК сауда жөніндегі алқа мүшесі Андрей Слепневтің атына қалыптасқан проблеманы шешуге жәрдемдесу және электрон кезекке жазылу мерзімін ұлғайту, сондай-ақ өткізу пункттеріндегі персонал штатын ұлғайту туралы өтініш айтылды.

«Атамекен»  ҰКП басшысы бұл бірнеше компанияның ғана емес, маңызды әрі жүйелі мәселе екенін атап өтті. Ұлттық палатаның баяндалған тезистері бар жалпыланған құжат Еуразиялық экономикалық комиссияға одан әрі жұмыс істеу үшін беріледі. Сонымен қатар, кездесу қорытындысы бойынша Райымбек Баталов пен Андрей Слепнев Ресей тарапымен келіссөздерге жәрдемдесу туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер