«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы бизнесіне есеп беріледі

2023 жылғы 22 Қыркүйек
4722 просмотров

Дереккөз: gurk.kz

28 қыркүйекте «Алматыбасжоспар» алаңында  Бірыңғай есеп беру күні өтеді. Қалалық бақылау-қадағалау органдары 2023 жылдың 1 қаңтары және 1 тамызы аралығында атқарылған жұмыс туралы ақпаратты бөліседі.

Биыл шара офлайн форматта өтпек. «Бірыңғай есеп беру күнінде» бизнес жайлы талқыланды. Есеп берудің мақсаты – бақылау және қадағалау қызметін реформалау аясында жүзеге асатын шараларды түсіндіру мен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз қызметті ұйымдастыру.

Шараға кәсіпкерлік субъектілері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілдері, сондай-ақ қаланың прокуратура органдарының мамандары қатысады.

Шараға қатысу үшін мына телефонға хабарласуды сұраймыз: +77056667556

Іс-шара 28 қыркүйек сағат 15:00-де басталады.

Өтетін орны: «Алматыгенжоспар» ғылыми зерттеу институты, Абай даңғылы 90


Еншілес ұйымдар

Серіктестер