Қосымша құн салығының өсуі өңдеу саласына қалай әсер етеді
Отандық тауар өндірушілер ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеруге қарсылығын білдірді. Олар салық мөлшерлемесінің ұлғаюы Қазақстанның өңдеу саласына кері әсерін тигізетініне, Орта Азияның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы төмендейтініне сенімді.
«Егер қазір ҚҚС көтерілсе, оның салдары өндірістің қысқаруына әкеледі. Сонымен қатар 2025 жылға қарай валюталық тәуекелдер мен инфляция қандай болатыны белгісіз. Қазір ішкі нарықты дамытуға күш жұмсау қажет. Осылайша отандық кәсіпкерлер ішкі нарықта кепілдік берілген көлемін ала алады. Осының бәрін жасап, нәтижесінде ҚҚС пен корпоративті табыс салығын қазір қолданылып жүрген заңнама бойынша төлей алдық», – деді ҰКП өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрайымы Тахмина Нағыманова.
Комитет отырысында кәсіпкерлер өңдеуші саланың ағымдағы позициясын сақтау бойынша қорғау шараларын пысықтау қажеттігі туралы айтылды.
«Бүгінде өңдеу саласы ЖІӨ-нің небәрі 13%-ын құрайды. Салаға жағдай жасалмайынша, көрсеткіш өспейді. Сондықтан ҚҚС-ті көтеру мәселесі бойынша саланың бірыңғай шоғырландырылған позициясын пысықтауды ұсынамын. Біздің позициямыз – өңдеу саласының шағын және орта бизнесі үшін ҚҚС мөлшерлемесін нөлге келтіру немесе оны 8%-ға түсіру керек. Бұл шара инвестициялық тартымдылықты қоса алғанда, біршама артықшылық береді», – деді «Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ атқарушы директоры Әсел Дангилова.
Кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібі үшін жекелеген салық режимін белгілеуге, бөлшек салыққа жататын қызмет түрлерінің тізбесіне өңдеу саласының Экономикаық қызметтің жалпы жіктеуішін енгізуге және «есепке алу әдісімен» ҚҚС есептеуге қатысты өз ұсыныстарын айтты.
Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрайымы Тахмина Нағыманова кәсіпкерлердің барлық ұсынысы тыңдалып, Ұлттық экономика министрлігімен пысықталатынын атап өтті.
Еске салсақ, жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу аясында Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді ұсынды.
Кәсіпкерлердің басым бөлігі бұл бастамаға қарсы. Бұл өзгерту егжей-тегжей талдауды қажет етеді, деп санайды бизнес. Қазақстанның энергетиктері өз позициясын білдірді. Олардың айтуынша, ҚҚС ұлғаюы электр энергиясына тарифтердің өсуіне алып келеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: