Өңірлік палатада қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты проблема талқыланды
Ең өзекті мәселелердің бірі — қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін ұйымдастыру. Бұл мәселе Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Туризм және экология салалық кеңесінің және Ақмола облысының қоғамдық кеңесі жанындағы Экология, ТКШ және ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссияның бірлескен отырысына шығарылды. Кездесуге бизнес, уәкілетті мемлекеттік органдар, басқа да салалық ведомстволардың өкілдері қатысты.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мәселесі бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі. Қазақстанда жыл сайын 6 млн тоннаға дейін қалдықтар жиналады. Бұл ретте оларды толық жинау және әкету барлық жерде ұйымдастырылмайды. Мәселе қалдықтардың көбеюімен күрделене түседі, атмосфераға шығарындылар, химиялық және улы заттардың жер асты суларына қосылуы қоршаған ортаның ауқымды ластануына әкеледі.
Бүгінде Ақмола облысында табиғи ресурстар басқармасының мәліметі бойынша 130 қоқыс полигоны бар. Оның ішінде тек 24 полигонда рұқсат құжаттары бар. Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Егіндікөл, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандарында, сондай-ақ Біржан сал ауданында, Қосшы және Көкшетау қалаларында бірде-бір заңдастырылған полигон жоқ.
ҚТҚ-ның заңдастырылған полигондарының болмауы рұқсат етілмеген полигондардың пайда болуына әкеледі. Тек осы жылы өңірде 622 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орны анықталды, оның 150-і жойылды.
Осы уақытта ведомство өкілдері полигондарды заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Атап айтқанда, 8 өңірде (Көкшетау, Щучинск, Ақкөл, Қосшы қалалары, Қорғалжын, Қоянды, Аршалы, Зеренді ауылдары) 8 полигон салудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Щучинск қаласында ҚТҚ полигонын салуға ЖСҚ әзірлеу жұмыстары аяқталды. Аршалы, Қорғалжын және Ақкөл аудандарындағы ҚТҚ полигондарының жобалары бойынша мемлекеттік сараптамадан өтуге құжаттама дайындалуда, Бұланды ауданы Макинск қаласында ҚТҚ полигонын салу үшін ТЭН әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, полигон құрылысы бойынша жобаны іске асыру құны шамамен 3,8 млрд теңгеге бағаланады, бұл ретте пайдалану мерзімі — небәрі 25 жыл.
«Жалпы көлемі 42%-ды құрайтын органикалық қалдықтарды қоса алғанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды терең өңдеу бойынша кәсіпорындар мен зауыттар салу мәселесін қарастыру қажет. Бүгінгі таңда түрлі инновациялық технологиялар бар, осы мақсатта инвесторларды тарту қажет. Сонымен қатар, мұндай зауыттың құрылысы жаңа полигонның құнынан қымбат болмайды», - деп санайды облыстық Қоғамдық кеңес жанындағы Экология, ТКШ және ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссияның төрағасы, туризм және экология жөніндегі салалық кеңестің мүшесі Мариям Әбішева.
Спикер осы саланың бар проблемаларын жақсы біледі. Көптеген жыл бойы ол аймақтағы экологиялық мәселелермен айналысады, жақында Красный Яр ауылында («ЭКО-DUMP» ЖШС) орналасқан ҚТҚ басқару кәсіпорнын басқарды. Қазіргі уақытта бұл полигонда алты айға дейінгі мерзімге уақытша жұмыс істейтін алаң ретінде қалдықтарды қабылдау қайта басталды, рұқсат беру құжаттары дайындалуда.
«Қалдықтарды жинаудан бастап, оларды кәдеге жаратуға дейінгі ҚТҚ басқарудың қолданыстағы жүйесіне талдау жүргізе отырып, қалдықтарды бөлек жинауды міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Ол үшін бізге бөлек контейнерлер қажет. Әзірге біздің қызметкерлер ҚТҚ-ны қолмен сұрыптайды және біз бұл процестің қаншалықты ауыр екенін түсінеміз. Бұл жүйені жетілдіру біздің халықтың санасын өзгертуден басталуы керек, ол жаңалықтарға түсіністікпен қарайтынына сенімді. Алайда, бұл бастаманы ең алдымен мемлекеттік органдар, басқа да бюджеттік ұйымдар мен түрлі кәсіпорындар қолға алуы тиіс», - деп атап өтті Мариям Әбішева.
Сонымен қатар, энергетика және ТКШ облыстық басқармасының ақпараты бойынша, облыста контейнерлерге қажеттілік 3730 дана, қоқыс таситын көліктер - 23 бірлікті құрайды.
«Осы жылы облыстық бюджеттен контейнерлер сатып алуға және алаңдарды жайластыруға 255,5 млн теңге бөлінді. Қосшы, Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Есіл, Целиноград аудандарының әкімдіктеріне алаңдар мен контейнерлер орнатуға қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Көкшетау қаласының әкімдігі қала аумағындағы контейнерлік алаңдарды жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта 239 алаң орнатылды, оның 30-ы толық көлемде аяқталды. Жұмыстарды осы жылдың 15 қазанына дейін аяқтау жоспарланған», - деді Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тушанов.
Талқылау барысында мемлекеттік органдарға көптеген шағым айтылды. «Құрылыс-ККМ» ЖШС (Степногорск қ.полигоны) директоры Динара Жұманованың айтуынша, ЖАО осы уақытқа дейін Ақмола облысындағы ҚТҚ басқару және күтіп-ұстау бойынша табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарына мемлекеттік қолдау шараларын енгізген жоқ.
«Балкашинский коммуналщик» ЖШС басшысы Ксения Вострикова бірнеше жыл бойы Сандықтау ауданының мемлекеттік мекемелері кәсіпорынмен ҚТҚ және күл қожын орналастыру бойынша шарттар жасамайтынын айтты.
«Аудандық білім бөлімі, «Сандықтау-Су» ШЖҚ КМК сияқты ірі ұйымдар барлық қалдықтарды полигонға тегін шығарады. Мен құзыретті органдардан осы жағдайды мониторингілеуді сұраймын», - деп шағымданады кәсіпкер.
Жиын қорытындысы бойынша салалық кеңес мүшелері бірқатар ұсыныстар жасады.
«Бірінші кезекте мемлекеттік органдарға полигондарды, оның ішінде ауылдық округтердегі уақытша сақтау полигондарын заңдастыру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды. «Ақмола облысының экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі Жол картасын» әзірлеу қажет, оған полигондарды одан әрі салу үшін ТЭН мен ЖСҚ - ға қаржыландыруды бөле отырып, ҚТҚ полигондарын заңдастыру мәселелері енгізілуі тиіс», - деп атап өтті туризм және экология жөніндегі салалық кеңестің төрағасы, «Ақмола облысының туризм және демалыс қауымдастығы» ҚБ басшысы Қайрат Сұлтанов.
Облыс, аудандар және қалалардың мәслихаттарына тиісті градациямен ҚТҚ әкетуге арналған тарифтің бірыңғай мөлшерлемесін бекіту ұсынылды. Мысалы, 100 мыңнан астам халқы бар қалалар, курорттық аймақтар үшін (Зеренді. Щучинск, Ақкөл), астаналық аймақтар үшін агломерациялық іс-шаралар шеңберінде жасалуы керек.
Сондай-ақ, жергілікті жерлердегі бюджеттік ұйымдарға ҚТҚ кәдеге жаратуға шарттар жасасу ұсынылды. Ақмола облысының әкімдігіне облыс орталығында қоқыс өңдеу зауыттарын салуға қаржы бөлу мәселесін қарастыру, аудандарда сұрыптау орындарын ашу ұсынылд
Пікір қалдыру:
Пікірлер: