«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Май қышқылдарының трансизомерлеріне қатысты

2023 жылғы 20 Қыркүйек
7310 просмотров

Сұйық өсімдік майларын гидрогенизациялау кезінде пайда болатын өнеркәсіптік май қышқылының трансизомерлері өнімді ластайтын құрауыштар саналады. Мұндай өнімді тұтыну жүрек-қан тамырлары аурулары, ерлерде қуық асты безінің обыры, әйелдердегі сүт безі обырына және бедеулікке әкеледі. Ал сиыр сүтінен алынған табиғи трансизомерлердің зияны аз.

Май өнімдерінде (маргарин, спред және т.б.) май қышқылдары трансизомерлерінің 2 пайыз көлемде рұқсат етілген мөлшері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары бойынша ЕАЭО май өнімдеріне арналған техникалық регламентіне енгізілді.

Бұл ретте талап 2011 жылдың желтоқсанында белгіленіп, 2018 жылдың қаңтарында ғана күшіне енді. Демек, май өндірушілерге қауіпсіз өнім шығаруға кезең-кезеңмен өтуге алты жылдай уақыт берілді.

 Алайда 2022 жылы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жүргізілген тексеру барысында бір ғана компанияны қоспағанда, май өнімдерін өндірушілердің барлығы дерлік  техникалық регламент талаптарын сақтайтыны анықталды.

Техникалық регламенттің жоғары талаптары бойынша қауіпсіз өнімді өндіруге ауыртпалықсыз көшуге кәсіпкерлерге жеткілікті уақыт беру үшін  «Атамекен» ҰКП тарапынан күш салынды.

 Ұлттың қауіпсіздігі мен генофондын қамтамасыз ету мәселесі – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкіметтің тікелей міндеті. Экономикалық құрамдас бөлігін дамыту немесе Ұлттың денсаулығын қолдау бойынша шешім қабылдау ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің еншісінде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер