«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруа қожалықтарын толғандыратын сұрақтар қаралды

2023 жылғы 20 Қыркүйек
- Жетісу облысы
8296 просмотров

Өңірдің шаруа қожалықтарында туындаған өзекті түйткілді мәселелер Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Агроөнеркәсіп кешені және азық өнеркәсібі салалық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды.

Кеңеске шаруа қожалықтарының басшылары, жұмысы ауыл шаруашылығы саласымен байланысты басқармалардың өкілдері жиналды. Қазіргі кезде агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі аса маңызды. Ал фермерлер арасында АӨК және азық өнеркәсібі кеңесінің төрағасы Александр Хильниченко атап өткендей, көптеген қиындық туындайды.

«Біз мал шаруашылығы, егіншілік және агроөнеркәсіп кешенімен байланысты барлық бағытпен айналысатын кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін талқылау үшін жиналдық. Көптеген проблема бар. Олар қаржыландырумен байланысты. Атап айтқанда, күн  райына байланысты биылғы жыл фермерлер үшін қиын болды және бүгінде көптеген шаруа жабылу алдында тұр. Өнімділік климаттық жағдайларға байланысты төмендейді және шығындар өседі. Қазір барлық өнімге баға қалай өсіп жатқанын білесіз. Сондықтан көптеген шаруа қаржылық қиындықтарға тап болды», – дейді Александр Хильниченко. 

Күзгі дала жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қосалқы жалға беру және отынмен қамтамасыз ету мәселелері назардан тыс қалмады. Кәсіпкерлер, шаруаларда шешілуі керек көптеген мәселе бар, олар айтылып, жалпыға бірдей талқылауға шығарылады.

Облыстың жер кадастры бөлімінің бас маманы Самат Жұматаев ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қосалқы жалға беру – жалға беру келісімшартымен жалға берушіден қосалқы жалға алушыға ауыл шаруашылығына пайдалануға арналған жер учаскесін беру процесі екенін атап өтті. Осылайша, жалға алушының өзі жалға беруші болады және жер учаскесін басқа адамға береді.

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қосалқы жалға беру қағидалары мен шарттары түрлі елдер мен аймақтарда түрлі болуы мүмкін және жергілікті заңдармен де анықталуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Сондықтан жерді қосалқы жалға алуға қызығушылық танытқан кезде жергілікті билік органдарына немесе заң консультанттарына осындай мәміленің талаптары мен рәсімі туралы нақты ақпарат алу үшін жүгінген жөн», – дейді Самат Жұматаев.

Ауыл шаруашылығында жерді қосалқы жалға беру түрлі мақсаттарда, мысалы, қосымша ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу немесе қосалқы аумақтарды пайдалану үшін қолдыналуы мүмкін. Қосалқы жалдау белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін және жалға алушы мен қосалқы жалға алушы арасындағы шартпен реттеледі.

Күзгі дала жұмыстарының ағымдағы жағдайы туралы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков айтты. Ол техниканы жетілдіру, ылғал үнемдейтін суару жүйелерін енгізу, сапалы тұқымдарды пайдалану қажеттігін атап өтті. Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамытудың осы және басқа да өзекті мәселелері аграршылармен бірге талқыланып жатыр.

«Біз облыс әкімінің орынбасарлары, тиісті басқармалардың өкілдері, уәкілетті органдармен үнемі кездесіп отырамыз. Кәсіпкерлер палатасының алаңында осындай кездесулерді жергілікті жерлерде күрделі мәселелерді табу және осы мәселелерді атқарушы билік, осы мәселелерді шешуге жауапты адамдарға жеткізу, оларды шешу жолдарын табу үшін тұрақты негізде өткіземіз», – деп қорытындылады облыстың кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев.

Талқылау аяқталғаннан кейін Кеңес тиісті уәкілетті органдарға ұсынымдар жолдады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер