«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Тунис арасындағы тауар айналымы жарты жылда 40 млн долларды құрады

2023 жылғы 19 Қыркүйек
8708 просмотров

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Тунис Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы өкілдері «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеевпен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басшысы Аян Еренов және тунистік әріптестер Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 Шараға қатысушылар Тунис пен Қазақстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы тауарлары мен азық-түліктің импорты мен экспортының перспективаларын қарастырды.

 «Делегациямыздың құрамында бизнес  және Тунис кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар. Экономикалық, саяси дағдарыстар, климаттың өзгеруі, судың қысқаруы және ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында елдер жаңа мүмкіндіктерді ашуы керек. Дағдарыстарды жеңу үшін біз ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа назар аударуымыз керек. Тунис Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан «Атамекен» ҰКП-ға үлкен сенім білдіремін. Тунис пен Қазақстанның сауда палаталары экономиканы нығайтып, әл-ауқатты арттырады. Мен екі тараптың мүддесі үшін көптеген келісімшарт болатынына сенімдімін», – деді Тунис Республикасының Ауыл шаруашылығы, су және балық шаруашылығы министрі генерал Әбделмуним Белаати.

 «Деректерге сәйкес, Қазақстан мен Тунис арасындағы тауар айналымы өткен жылы 65,4 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары көрсеткіш. Ал осы жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш шамамен 40 млн долларды құраған. Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстаннан Туниске экспорт екі есеге жуық өскенін атап өткен маңызды», – деді Қазақстанның сыртқы сауда палатасының өкілдері.

 Биыл Қазақстан Туниске алғаш рет 70 мың тоннадан астам бидай экспорттады. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, Тунис экспортының өсуі күкірт, қара металдардан сығылған немесе сұйытылған газға арналған сыйымдылықтар, сұйық сорғылар, сұйықтықтар немесе газдарды сүзуге арналған жабдықтар мен құрылғылар сияқты тауарларды жеткізумен байланысты.

 «Сонымен қатар, Қазақстанға Тунистен импорт өткен жылы 2,3 есе өсіп, 6,0 млн долларды құрады.  Тунистен Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары – машиналар, тоқыма киімдері, қара металдан жасалған бұйымдар, жемістер, зәйтүн майы, балық және құрма. Тунис Қазақстанға импорт көлемін ұлғайтуға дайын», – деп толықтырды Қазақстан сыртқы сауда палатасының өкілдері.

 Тунистен келген делегация өз кезегінде екі елдегі ауыл шаруашылығы секторына инвестициялау мүмкіндіктері туралы тәжірибе мен ақпарат, сондай-ақ екі елде де қолдануға болатын заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен инновациялары туралы біліммен алмасу перспективаларын айтты.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық тұрақтылығын жақсарту әдістері және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы бірлескен кәсіпорындар мен жобалар үшін мүмкіндіктер қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Атамекен» Ұлттық палатасының басшылығы және Тунистен келген делегациямен одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстандық тарап бұл екі ел бизнесмендерінің өзара қарым-қатынасына жаңа серпін береді деген үмітін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер