«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитет құрылды

2023 жылғы 19 Қыркүйек
- Қостанай облысы
9327 просмотров

Бұл туралы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысы барысында хабарлады.

Кіші комитет шеңберінде тізілімді жүргізуді цифрландыру, қаржылық қолдау шараларын әзірлеу, сертификаттау және халық арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті танымал ету мәселелері қаралатын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілді.

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының осы қағидаларына сәйкес тізілімді қалыптастыру жөніндегі арнайы комиссияның жұмысына қатысады және әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуетті субъектілерін тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жәрдемдеседі. 

Сараптамалық пікірлерді келісу, проблемалық мәселелерді талдау және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының жанынан әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитет құрылды, - деп атап өтті адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Манара Мадинина. 

Қостанай облысында бүгінгі таңда тізілімге 19 әлеуметтік кәсіпкер енгізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер