Ұлттық палатаның қолдауымен 600-ден аса кәсіпкер тегін салалық оқуға қатысты
Ұлттық палата «Кәсіпке бағыт» құралы шеңберінде шағын және орта бизнес өкілдеріне тегін салалық оқу жүргізеді. Оқу облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы Өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы онлайн/офлайн форматтарда, сондай-ақ аудан орталықтарында өтеді.
«Кәсіпке бағыт» бағытын іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:
- Өңірлік кеңестің немесе бейінді салалық комитеттің оқу бағыттарын іріктеу және бекіту;
- Топты жинау туралы хабарландыру және ШОБ субъектілерінен оқуға өтінімдер жинау;
- Анықталған қажеттіліктерге сәйкес оқу топтарын (кемінде 10-15 адам) қалыптастыру;
- Білім беру қызметтерін жеткізушілерді іріктеу үшін конкурс өткізу;
- Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында ӨКП және/немесе базалық шаруашылықтар /кәсіпорындар (офлайн/онлайн кемінде 24 сағат) базасында салалық оқу;
- Кемінде 3 ай жеке және топтық консультациялар (сүйемелдеу) көрсету.
Кәсіпкерлер мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қызмет көрсету бойынша тегін курстарға қатыса алады. Оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылар сертификаттарды ғана емес, сонымен қатар бизнесті жүргізу және кеңейту, заманауи технологияларды енгізу, жабдықтарды таңдау, өнімді сату бойынша 3 айлық жеке сүйемелдеу мен консультациялар алады.
«Кәсіпке бағыт» құралына қатысуға өтінім қабылдау өңірлік кәсіпкерлер палаталарында жүзеге асырылады.
2023 жылдың 1 қыркүйегіне қарай 600-ге жуық ШОБ субъекті оқып шықты. Осыжылдың соңына дейін кемінде 800 адам қатысады деп жоспарлануда.
Предприниматели могут пройти бесплатные курсы по животноводству, растениеводству, переработке сельхоз. продукции и услугам. По завершению участники получат не только сертификаты, но и 3-х месячное индивидуальное сопровождение и консультации по ведению и расширению бизнеса, внедрению современных технологии, выбору оборудования, продажи продукции и многое другое.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: