«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстаулық кәсіпкерлер тұңғыш рет халықаралық ірімшік жасаушылар гильдиясына қабылданды 

2023 жылғы 13 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
9308 просмотров

Маңғыстаулық Александра Григолова мен Никита Кобзев Франциядағы «Mondial du fromage-2023» халықаралық ірімшік және сүт өнімдері байқауында күміс және қола жүлдеге ие болды.
Mondial du fromage 2023- байқауы - ірімшік әлеміндегі маңызды оқиға. Байқауда әлемнің әр түкіпірінде әзірленген ірімшіктің 1600 түрі таныстырылды. Аталған өнімдердің арасынан 250 төреші ірімшіктің 150 түрін жоғары бағалады. Олардың арасында Александра мен Никитаның «Жеті лақ» фермасының өз өндірісіндегі ешкі мен түйе сүтінен дайындалған ірімшіктің 2 түрі бар. 

"Қазақстан тарихында тұңғыш рет біздің өндірушілер үздік әлемдік ірімшік жасаушылармен конкурсқа қатысып, отандық өнімдерді ұсынды. Біздің мақсатымыз - ірімшік мәдениеті мен ірімшік жасау шеберлігін дамыту. Біз байқауға 6 айдан астам уақыт дайындалдық. Осындай жетістікке жеткенімізге өте қуаныштымыз және мақтан тұтамыз. Бізді халықаралық ірімшік жасаушылар гильдиясына салтанатты түрде қабылдады. Бұл ірімшік әлемінің элитасы. Біз-Қазақстанның осы атаққа ие болған алғашқы ірімшік жасаушыларымыз. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевқа және Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіргіміз келеді",- деді Александра Григолова.


Айта кетейік, Александра Григолова Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесіне мүше. Палатаның көмегімен көптегенжобаларға қатысып, гранттар ұтып алды. «Жеті лақ» фермасы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Кәсіпкерлер пастерленген ешкі сүтін, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарады. Айына 3,5 тонна ешкі сүтін өндіреді. Ферма 10 га жерді алып жатыр, оның төрт гектары ешкі өсіруге арналса, қалған аймақта жем-шөп қоймасы мен сүт өңдеу цехы орналасқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер