«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Несие төлемін ұзарту, техникаға ҚҚС алып тастау: Мемлекет басшысымен кездесуде фермерлер қандай мәселелерді көтерді

2023 жылғы 13 Қыркүйек
6141 просмотров

Күн райы жақсы болса, осы уақытқа дейін ору науқаны аяқталар еді. Екі апта бойы үздіксіз жауған жаңбыр салдарынан Қазақстан нарығында сапалы бидай үлесі жалпы көлемнен небәрі 20-35 пайызды құрап отыр. Қалғаны –  дымқыл тартып, өтпей қалған бидай. Диқандар мұндай жағдайда келесі науқанға дайындық жоғын түсінеді. Оларға тұқым қорын толықтыру керек. Сондықтан шаруашылықтар сапалырақ деген дақылды келер жылы егуге сақтап отыр. Ауыл шаруашылығындағы осы және басқа да мәселелер мен оларды шешу ұсыныстарын «Астана-Бизнес» ЖШС директоры Фарид Әбітаев Президент пен бизнестің кездесуінде айтты.  

Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі күн райы жағдайында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мемлекет тарапынан көмек пен қолдауға мұқтаж.

«Осыған байланысты ауыл шаруашылығы өндірушілеріне келесі жылға дейін Аграрлық несие корпорациясы және Мемлекеттік несиелеу бағдарламасының міндеттемелері бойынша ұзартуды, сондай-ақ бүгінгі күнге 177 млрд теңгені құраған субсидиялар бойынша қарызды төлеуді ұсынамыз», – деді Фарид Әбітаев.

Сонымен қатар, кәсіпкер тұқым шаруашылығы және аграрлық ғылымды реформалау мәселесін көтерді. Бұл бағыттарға реформа жүргізілсе, жаңартылған және сапалы тұқым себу арқылы елдегі астық шығынын ең арзан және дұрыс жолмен 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді деп санайды фермер.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын реформалау және тәжірибе станцияларын университеттерге беру жергілікті жерлерде тұқым сатуда өңірлік көшбасшылармен басқаруға немесе МЖӘ беру арқылы бизнеспен бірлесіп жүргізілуі тиіс. Осылайша, шаруалар тұқым өсіру мен дайындау үшін алаң алады, ал студенттер өңірлердің озық кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді», – деді спикер.

Фарид Әбітаев субсидиялау тапшылығын көтеріп, АӨК-ті субсидиялауды екі есе өсіруді ұсынды. Оның мәліметінше, жыл сайынғы субсидиялау тапшылығы жыл басында өңірлерде өткен жылдың қарыздары жабылып, содан кейін осы жылдың қарыздары жабылады. Салдарынан ақша наурызда аяқталады, содан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар бойынша қарыз қайта үйіле береді.

Кәсіпкер  Үкіметке ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына тыйым салу мен шектеу бойынша неғұрлым икемді саясат жүргізуді сұрады.

«Кейінгі 3 жылда елде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға 15 тыйым салынған. Бұл жайт бизнестің көпжылдық байланыстарын айтарлықтай бұзады, агробизнестің инвестициялық тартымдылығын төмендетеді және біздің дәстүрлі нарықтарымызды бәсекелестерге береді», – деді ол.

Кәсіпкер көтерген соңғы мәселе – бәсекеге қабілеттілікті қолдау. Оның айтуынша, рубль бағамының төмендеуіне және белгілі геосаяси оқиғаларға байланысты Қазақстан мен Орталық Азия нарығына көрші елдердің ауыл шаруашылығы тауарлары толып кетті. Кәсіпкер ауылшаруашылық техникасына ҚҚС-ті алып тастауды ұсынды.

«Бұл елдерде агро секторға қолдау жақсы, ауыл шаруашылығы техникасы, тыңайтқыштар арзан, қаржыландыру қолжетімді. РФ-та тікелей қаржыландыру есебінен 15 екінші деңгейлі банк агро жобаларды 2,5%-дан басталатын мөлшерлеме бойынша қаржыландырады. АӨК-ті субсидиялауды бүгінгі 4,6%-дан 8,5%-ға дейін ұлғайту қажет. Бұған Қазақстан қол қойған ДСҰ қағидалары бойынша жол беріледі. Жолдауда айтылған ауыл шаруашылығы техникасын арзандату және жыл сайынғы 6-7% жаңартуды жеткізу үшін оны қолжетімді ету үшін ауыл шаруашылығы техникасына салынатын ҚҚС-ті  жою қажет», – деп қорытындылады Фарид Әбітаев.

Кәсіпкерлердің талқылауы мен ұсыныстарынан кейін Мемлекет басшысы қорытынды сөз сөйлеп, жолдауда кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған бірқатар тапсырма бергенін еске салды. Атап айтқанда, мемлекеттік қаржылық қолдаудың ерекше шараларын ұсыну, сондай-ақ стандартты салық режимінде жұмыс істейтін бизнес үшін мемлекеттік тендерлерге жеңілдікпен қол жеткізу пысықталуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қолдау шараларының механизмдерін сапалы қайта жүктеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметіне қатысты мәселелерге арнайы тоқталып, Палата бизнес пен мемлекет арасындағы тиімді диалогтың негізгі өзегі болуға тиіс екенін атап өтті.

«Палатаны одан әрі трансформациялау, оны корпоративтік басқару сапасын айтарлықтай арттыру қажет. Палата кәсіпкерлердің ортақ пікірін толық жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық реформаларды ілгерілететін ұйым болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар жиында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Бас прокурор Берік Асылов, «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталов, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, «Риддер тау-кен шахта жабдығы зауыты» ЖШС құрылтайшысы Андрей Печенин, «Қайып-Ата» ЖШС бас директоры Сырым Ертаев, «Kazdream» IT холдингінің негізін қалаушы әрі басшысы Дәурен Төлебаев, «Orient Finance Groupe» ЖШС акционері Руслан Шаекин, «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС директоры Фарид Әбітаев, «Конкурент-Б» ЖШС темір жолдарды жобалау және салу жөніндегі компанияның директоры Бақытбек Қадыров, Абай облысының кәсіпкері Елена Асылбекова сөз сөйледі.

Еске салсақ, 12 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесу жыл сайын өтеді. Биыл оған туризм, агроөнеркәсіп кешені, логистика, IT, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 200-ге жуық кәсіпкер жиналды. Бизнес қордаланған мәселелері мен ұсынысын айтты. Сонымен қатар шараға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Президентке Қазақстанда кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын, сонымен қатар инвестициялық жобалар, мемлекеттік сатып алулар мен офтейк-келісімшарттарды дамыту саласында Үкіметпен бірлесіп қандай жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады.

 

  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер