«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Президент кәсіпкерлермен кездесті

2023 жылғы 12 Қыркүйек
7348 просмотров

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті.

Мұндай кездесу жыл сайын өтеді. Биыл оған туризм, агроөнеркәсіп кешені, логистика, IT, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 200-ге жуық кәсіпкер жиналды. Бизнес қордаланған мәселелері мен ұсынысын айтты. Сонымен қатар шараға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

 «Біз экономиканың өсімін 6-7 пайызға дейін жеткізуіміз керек. Ол үшін кәсіпкерлердің жеке бастамасына барынша қолдау көрсету қажет. Бұл бағытта белгілі бір шаралар қабылданды. Алайда, кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де қолда бар әлеуетке сәйкес келмейді. Ең алдымен, біз мемлекет пен бизнес арасында мүлдем жаңа қарым-қатынас орнатуымыз керек. Бүгінгі басты міндетіміз – бизнес пен мемлекеттік аппараттың толық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Мына шырғалаң шеңберінен шығуымыз керек. Әрине, сенім қатынастарын құру мәселесінде бірінші қадамды мемлекет жасауы керек», – деді Президент.

 «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Президентке Қазақстанда кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын, сонымен қатар инвестициялық жобалар, мемлекеттік сатып алулар мен офтейк-келісімшарттарды дамыту саласында Үкіметпен бірлесіп қандай жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады.

«Сөз соңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметіне қатысты мәселеге тоқталғым келеді. Оның негізгі міндеті – бизнес пен билік арасында тиімді диалогтың негізгі арнасына айналу. Палатаны одан әрі трансформациялау, оның корпоративтік басқару сапасын арттыру талап етіледі. Палата кәсіпкерлердің ортақ пікірін толыққанды білдіріп, әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі қозғаушы күштерінің бірі болуға тиіс», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер