Қазақстан және Қытайдың Шандунь провинциясы арасындағы тауар айналым 2 млрд долларға жуықтады
Былтыр Қазақстан мен Шаньдун провинциясы арасындағы тауар айналымының көлемі 1,98 млрд долларды құрады. Бұл туралы екі елдің үкіметі мен ірі бизнесінің қатысуымен өткен Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумында (Шаньдун) мәлім болды. Формуға «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов қатысты.
«Шаньдун провинциясы – өндірісі мен сауда желісі жетілген провинциялардың бірі. Бізге Қазақстанға нақты инвестиция салуға дайын бизнес келді. Қазақстан тарапы да Қытайға инвестиция салу жолдарын қарастырып жатыр. Қазір біз мүлде бөлек, сапалы ынытмақтастықтың алдында тұрмыз деген сенімдемін. Жақын арада анағұрлым салмақты, тұрақты және тартымды ірі жобаларды көреміз деп сенемін. Ауыл шаруашылы бойынша қызығушылық жоғары. Шаньдун – ауыл шаруашылы технологиялары бойынша жетекші өңір. Олар технологияларды беруге дайын. Үш апта бұрын біз Шаньдун ғылым академиясына бардық, ондағы орасан жетістіктерді көрдік. Сол жетістіктерді олар бөлісуге дайын», – деді Райымбек Баталов.
Қытай статистикасына сәйкес, өткен жылы Қазақстан мен Шаньдун провинциясы арасындағы тауар айналымының көлемі 1,98 млрд долларға жеткен. Соның ішінде Шаньдун провинциясына Қазақстаннан 820 млн долларға импорт жасалды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 134%-ға жоғары көрсеткіш.
«Өткен жылы Қазақстаннан Қытайға ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты 2,5 есеге өсіп, 548 млн долларды құрады. Сонымен қатар, экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдері, соның ішінде салқындатылған ет, балық, құс еті, қосалқы өнімдер, шошқа еті, жұмыртқа, жылқы еті және басқа да көптеген өнімдер жеткізілімде жоғары әлеуетке ие. Осыған байланысты, бұл салада тығыз ынтымақтастық орнату қажеттілігіне, сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығында автоматтандыру мен агрономия деңгейін арттыруда Қытай мамандарының тәжірибесін пайдалануға тағы да назар аударғым келеді», – деді премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.
Спикердің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасында 21 млрд доллардан астам сомаға 52 бірлескен жоба іске асыру сатысында тұр. Соның ішінде 2015 жылдан бастап 7 млрд доллардан астам сомаға 25 жоба іске қосылды. Ең алдымен импортқа бағдарланған сапалы, отандық өнімді өндіруге қабілетті бірқатар жоғары технологиялық кәсіпорындар құрылады деп күтілуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: