«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туризм саласындағы озық жобаларға мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары қажет

2023 жылғы 01 Қыркүйек
6866 просмотров

 Жолдауда Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП туризм департаменті жұмысының күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді атап өтті.

4 тамызда «Атамекен» ҰКП отандық инвесторлар, Қазақстанның курорттық аймақтарынан келген кәсіпкерлердің ҚР премьер-министрі А.Смайыловтың жиналысына қатысуын ұйымдастырды. Онда бизнес өкілдері қызметті кеңейту және жаңа нысандардың құрылысына инвестиция салуға қатысты өз ниеттерін нақты атап өтті. Кәсіпкерлер премьер-министрден олардың қызметіндегі кедергілерді жоюға және барлық курорттық аймақтар мен туристік дестинацияларда өзекті инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге, сондай-ақ отандық инвесторлар үшін қолдау шараларын әзірлеуге жәрдемдесуді сұраған болатын.

Жолдауда Мемлекет басшысы туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыруға шетелдік инвесторларды да, отандық бизнесті де белсенді түрде қосу қажеттігін атап өтті.

«Осыған байланысты, шетелдік инвестицияларды тартумен қатар, туризм саласындағы жобаларды дамытуға өз қаражатын салатын қазақстандық бизнеске жан-жақты қолдау көрсету қажет деп санаймыз», - дейді «Атамекен» ҰКП туризм департаментінің директоры Дамиля Құнанова.

Сонымен қатар, Президент қолдаудың тиімді шараларын және оларды іске асырудың нақты мерзімдерін анықтау қажеттілігін атап өтті.

Осылайша, 2022 жылы туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары күшіне енді.

 «Қолдау механизмдерінің жетілмегендігіне байланысты (субсидиялар алуға құжаттарды берудің қысқа мерзімі, жергілікті жерлерде комиссиялардың болмауы, құжаттар пакетіне қатаң талаптар және т.б.), келіп түскен өтінімдердің көрсеткіші өте төмен. Қолдау шараларын аз ғана кәсіпкер пайдалана алды. Осы мәселе бойынша «Атамекен» ҰКП мамандары премьер-министрдің орынбасары Е.Жамаубаевтың алаңында талқылау ұйымдастырды.  2022 жылғы 29 наурыздағы тиісті тапсырмалармен хаттама бар, бірақ осы уақытқа дейін өзгерістер болған жоқ», – деп атап өтті спикер.

 Сондықтан, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «Атамекен» ҰКП туризм департаменті Мемлекет басшысының қолдаудың тиімді шараларын белгілеу және оларды іске асырудың нақты мерзімдерін айқындау туралы тапсырмасын қолдайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер