«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Президент жолдауы: ҰКП экономикалық заң бұзу әрекеттерді қылмыс санатынан алып тастау жолында не істеп жатыр?

2023 жылғы 01 Қыркүйек
5058 просмотров

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажеттігін атап өтті. «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Азамат Құсайынов  бизнес-қоғамдастық бұл тапсырманы оң қабылдағанын айтты.

 «Бұл бағытта Ұлттық палата тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Қазіргі кезде қылмыстық құқық бұзушылықтардың 32 экономикалық құрамы жеңілдетілді, ҚК-нің 28 бабы бойынша қылмыстық жазалар жеңілдетілді (балама түрлері енгізілді). 29 экономикалық құқық бұзушылық бойынша кәсіпкерлерді қамаққа алуға тыйым салынады.  Қылмыстық кодекстің 10 құрамы бойынша залал толық өтелген кезде қылмыстық қудалау тоқтатылады. Ұлттық палата мамандары кәсібін адал жүргізетін кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау істерге тартуды барынша азайту, залалдың толық өтелуі жағдайында баламалы бұлтартпау шараларын қолдану аясын кеңейту және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындау мүмкіндігін арттыруды ұсынып отыр», – деді спикер.

 Қазір сот-тергеу тәжірибесінде ұйымдасқан қылмыс туралы қағидалар коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары, басшылары және қызметкерлеріне ресми түрде қолданылып жатыр, үрейлі тенденция қалыптасуда.

Коммерциялық ұйымның белгілері қылмыстық қоғамдастықтың құрауышы ретінде қабылдануы мүмкін. Өйткені кәсіпкерлік қызметті жалғыз жүргізу мүмкін емес. Ал бизнесті ұйымдасқан қылмыс үшін кінәлау репрессия механизміне айналып барады.

 «Атамекен» ҰКП мамандары кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекске түзетулер әзірледі. Бұл түзетулер Парламентте қаралып жатқан заң жобасына енгізілді. Атап айтқанда, экономикалық қылмыстар бойынша бірнеше айыппұл салу институтын кеңейту көзделіп отыр. Бұл шара жазаның мөлшерлестігін, сондай-ақ бас бостандығынан айырудың баламасын, кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жүргізуді прокурормен міндетті келісуді қамтамасыз етеді», – деп толықтырды Құсайынов.

 Спикердің айтуынша, қылмыстық істерді негізсіз тіркеуді алып тастау салық немесе азаматтық-құқықтық дау бар өтініштер мен хабарламаларды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеуге тыйым салу арқылы бекітіледі.

 Ұлттық палата  Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге әрі қарай да белсенді қатысатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер