«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жол картасы тау-кен металлургия саласын инвесторлар үшін тартымды етуге тиіс

2023 жылғы 31 Тамыз
6502 просмотров

Ұлттық палата алаңында ҰКП Төралқасының геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің 38-ші отырысы өтті.

 Жиында тау-кен металлургия кешенін дамытудың жол картасы, ТМК-дағы салық жүктемесі мәселелері, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін  «ТМК-дағы елішілік құндылықты дамытудың өзекті мәселелері» халықаралық форумының ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.

Саланы дамыту жол картасының бірнеше бағыты бар. Атап айтқанда, салық салу, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы, тариф белгілеу, көмір өнеркәсібі, экологиялық реттеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік, логистика, ішкі нарыққа металдарды жеткізу, инвестициялық тартымдылықты арттыру, қызметкерлерді еңбекпен реттеу және сақтандыру, Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстардың мәселелері.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов қазіргі кезде ТМК саласын инвестициялық тартымды ету және жүйелік проблемаларды шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану керегін айтты.

  «Жұмысымыздың мақсаты – тау-кен металлургия кешеніне құйылған инвестициялар басқаша жұмсалғанына қол жеткізу. Өкінішке қарай саладағы қазіргі ахуал инвестициялық тартымдылықты арттыруға ықпал етпейді. Мысалы, біз екінші деңгейдегі банктердің ТКМК жобаларына, оның ішінде барлық әлеуеті әлі ашылмаған геологиялық салаға инвестиция салуға қызығушылығының төмендігін көріп отырмыз. Сондай-ақ экология, энергетика және логистикада проблемалар бар. Тау-кен металлургия өнеркәсібі ел экономикасына мультипликативті әсер ету тұрғысынан мұнаймен бір қатарда тұр», – деді Райымбек Баталов.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының кеңесшісі Жандос Әбішев  тау-кен металлургия кешені және геологияны дамыту – Ұлттық палатаның басым мақсаттарының бірі екенін атап өтті. Осы бағыттар бойынша жұмыс белсенділігін арттыру қажет.

 Комитет төрағасы Николай Радостовец ТМК дамыту жөніндегі жол картасында геологиялық саланы дамыту мәселелеріне басымдық берілетінін айтты. Спикер ТМК-дағы салық жүктемесі мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезде ТМК кәсіпорындары пайдалы қазбаларды өндіруге салық мөлшерлемесінің өсуіне, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударым төлеу жөніндегі міндеттемелерге және экологиялық төлемдерге байланысты үлкен қаржылық жүктемені көтеріп отыр.

«ТМК-ға салық жүктемесі ауыр. Соған қарамастан уәкілетті органдар КТС және ҚҚС-қа мқлшерлемесінің қосымша өсу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Осыған байланысты басқа төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді ескере отырып, уәкілетті органдардың КТС және ҚҚС мөлшерлемелерін ұлғайту жөніндегі жоспарларына өзгерістер енгізу, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша талаптарды жеңілдету мүмкіндігі үшін ТМК-ға нақты жүктемені көрсету қажет», – деді ол.

Жиында «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен Комитет төрағасы Николай Радостовец кеншілер мен металлургтердің кәсіби мерекесіне байланысты Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының Атқарушы Директорының бірінші орынбасары Төлеген Мұхановқа, Бағалы металдар қауымдастығының атқарушы директоры Ғани Сағиевке, Бағалы металдар қауымдастығының атқарушы директорының орынбасары Қанат Баитовке, Тау-кен Қазақстан тау-кен аласының шағын және орта кәсіпорындары қауімдастығының жетекшісі  Айбар Даутовқа саланың дамуына қосқан үлесі және көпжылдық тығыз әріптестігі үшін алғыс білдіре отырып, алғыс хаттарды табыстады.  

 Жиында ТМК-дағы елішілік құндылықты дамытудың өзекті мәселелері» халықаралық форумының ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды. «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасының кеңесшісі Жандос Әбішевтің айтуынша, осы жылдың қарашасында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында ҚР Президенті, ТМК кәсіпорындары өкілдері, отандық тауар өндірушілер, уәкілетті мемлекеттік органдар және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен форум өткізу жоспарланған.

 Форум мақсаты жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу механизмін жетілдіру, ТМК кәсіпорындары үшін отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру жөніндегі басым инвестициялық жобаларды іске асыру, ТМК және отандық тауар өндірушілердің бірлескен өндірістерін құру жолымен тау-кен-металлургия кешеніндегі жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі жаңа тәсілдерді қарау.

«Форум импортты алмастыру мәселелерін және жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық өндірушілер арасындағы ынтымақтастық перспективаларын кеңінен талқылауға арналған алаңға айналады. Осыған байланысты форумға 2000-ға жуық делегат қатысады деп күтілуде», – деді Жандос Әбішев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер