"Мектепке жол" акциясы
♦️Бүгін Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында "Мектепке жол" акциясы өтті.
Акцияның мақсаты-білім алушыларға материалдық және өзге де көмек көрсету. Барлық қайырымды азаматтар мен ұйымдар балаларға мектепке жиналуға көмектесті.
♦️Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова "Мектепке жол" акциясын жергілікті кәсіпкерлермен және Палата қызметкерлерімен бірлесе өткізгенін атап өтті.
♦️Жиналған қаражатқа дарынды балаларға арналған "Қарақат” студия-мектебінде оқитын балаларға оқу үшін мектеп киімдері мен керек-жарақтар сатып алынды.
Мұндай іс-шараларды өткізу балаларды қолдауға, оқуға ынталандыруға және қайырымдылықты дамытуға ықпал етеді.
♦️Барлық күш-жігер әр баланың оқуына лайықты жағдай жасауға және қоғамның қолдауын сездіртуге бағытталған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: