«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда 400-ден аса медициналық орталық жабылып қалуы мүмкін

2023 жылғы 29 Тамыз
6009 просмотров

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істеп тұрған медициналық ұйымдарды ірілендіруге бағытталған бұйрық жобасын әзірледі.

Бір ұйым шеңберінде медициналық қызметтер көрсету үшін әзірленген жаңа нормалар іс жүзінде қазақстандықтарды қолжетімді медициналық көмек алу құқығынан айыруы мүмкін. Өйткені, медициналық ұйымдардың іріленуі шағын дәрігерлік амбулаториялар мен Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтарының жабылып қалуына әкеп соғады. «Үй дәрігері» қағидасы бұзылады.

«Атамекен» ҰКП медициналық қызметтер департаментінің басқарушы директоры Назгүл Қабдрахманованың айтуынша, бірлесіп орындауға берілетін консультациялық диагностикалық қызметтер көлемінің шегін белгілеу талабы ұйымдарын клиникалық-диагностикалық бөлімшелерді ашуға міндеттейді. Ал қазіргі қолданыстағы стандартқа сәйкес олар мұндай бөлімшелерді ашуға міндетті емес.  

«Қазіргі кезде Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 257 жеке ұйымның 219-ында клиникалық-диагностикалық бөлімшесі жоқ. Демек, 219 ұйым медициналық көмек көрсету нарығынан түсіп қалады. Мұндай жағдайға күндізгі стационарлар қалып отыр. Олар жаңа талап бойынша тіркелген тұрғындардың қажетті көлемі болмаса, пациенттерді қабылдай алмайды. Қазақстан бойынша олардың саны 239 бірлік. Осылайша Қазақстан бойынша 458 медциналық ұйым жабылу алдында тұр», – деді Назгүл Қабдрахманова.

Маман ұсынылған жаңашылдықтардың нәтижесі медициналық көмектің қолжетімділігінің төмендеуі, бәсекелестіктің шектелуі және денсаулық сақтау инфрақұрылымының өзгеруіне әкеп соғатынын атап өтті.

ТМККК/МӘМС шеңберінде қызметтерді сатып алуға рұқсат беру үшін жаңа медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына (МСАК) кемінде 10 000 адам мөлшерінде тіркелген халықтың ең аз санын белгілеу де көптеген сұрақ тудырады. Егер бұл норма қабылданса, онда пациенттерді тек емханалар ғана емдей алады, ал кейбір өңірер 2-3 жылдан кейін МСАК-сыз қалу қаупі бар.

«Бөлу кезінде моноқалалар неге қарастырылмады? Біздің Арқалықта небәрі 25 мың тұрғын бар. Біздің емханаға бес мыңға жуық адам тіркелген. Бізге 10 мың адам тіркеу мүмкін емес. Осы көрсеткішке жету үшін тіпті 2-3 жыл уақыт берсеңіз де мүмкін емес көлем. Осындай нормалар белгіленсе, онда моноқалалардағы медициналық жеке сектор жойылады», – деп сауал қойды медициналық орталықтардың бірінің құрылтайшысы Сәбит Әбдіқадырұлы.

 Медициналық ұйымдарды ірілендіру үшін қосымша қуат, қаржы және кадр ресурстары керек екенін айтты. Алайда қазір оған жеткізушілердің қаржылық мүмкіндігі жоқ. 

Осы мәселелер ҚР ҰКП алаңында бірнеше рет талқыланды. Алайда, бұл мәселеде ортақ пікіріге келу мүмкін болмады.

Сонымен қатар, қазіргі кезде қағидалар жобасы қаралып жатыр. Олар қабылданған жағдайда, жоғарыда айтылғандай, шамамен 458 медициналық ұйым жабылуға мәжбүр болады, медициналық қызмет көрсетушілерді таңдау қысқарады және қазақстандықтар үйіне жақын маңдағы емханаға медициналық көмекке баруға мәжбүр болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер