«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау облысыда ауыл тұрғындары жеке кәсіп бастауға 400 млн-ға жуық теңге алды

2023 жылғы 25 Тамыз
- Атырау облысы
5517 просмотров

 Бұл туралы Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының Мақат ауданы бойынша филиалының директоры Гүлназ Едгеева айтты. Спикер осы жылдың бірінші жартысында жұмыс қорытындысы туралы есеп берді.

Кәсіпкерлер палатасының Мақат және Жылыой аудандық филиалдарының есебін Өңірлік кеңес мүшелері кезекті отырыс барысында тыңдады.

Қазіргі кезде Мақат ауданында 2 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді. Жыл басынан бері Палатаның аудандық филиалына бизнесті қорғау желісі бойынша 4 жазбаша өтініш келіп түсті. Соның ішінде, түрлі рұқсат құжаттарын алу, жер учаскесін кеңейту, коммуналдық кәсіпорындардың заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша барлық мәселе кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.

Есепті кезеңде филиал 432 кәсіпкерге консультациялық қызметтер көрсетті, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесті және 23 кәсіпкерлік субъектіге сүйемелдеу көрсетті.

Филиал директорының айтуынша, ауыл тұрғындары түрлі мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысып жатыр.

«Жыл басынан мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде Мақат ауданында жалпы сомасы 396,7 теңгеге 93 бизнес-жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда, «Бизнес-аймақ» ауыл кәсіпкерлеріне несие беру бағдарламасы бойынша – 44,8 млн теңге сомасына 5 жоба, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және қарыздарға кепілдік беру бойынша – 284,3 млн теңге сомасына 9 жоба. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 20,7 млн теңге сомасына 15 жоба бойынша гранттар және 46,9 млн теңге сомасына 2.5% мөлшерлеме бойынша жастарға 10 несие берілді. АӨК бойынша 2 жоба мақұлданды және 4,917 млн теңге сомасына субсидия берілді. «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша 25.8 млн теңге сомасына 3 жоба мақұлданды. Тағы 10 жоба құжаттарды ресімдеу сатысында», – деді Гүлназ Едігеева.

Жылыой ауданында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2,6 млрд теңгеден астам сомаға 88 жоба субсидияланды, 2,2 млрд теңгеден астам сомаға 86 жоба бойынша кепілдіктер берілді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 63,08 млн теңге сомасына 4 жоба қаржыландырылды. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 35,680 млн теңге сомасына 11 жоба қаржыландырылды. Қаржылық несие серіктестігі 60 млн  теңге сомасына 6 жобаға қолдау көрсетті.

 «Өңірдің мамандануы өнеркәсіп саласы болғанына қарамастан жергілікті кәсіпкерлер АӨК саласын дамытуға мүдде танытып отыр. Мысалы, «Достан Ата» шаруа қожалығы қазіргі кезде ет өңдеу бойынша өндірісті іске қоспақ. Бұл жобаны іске асыру үшін ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру тиімді. Шаруа қожалығына қарағанда ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне субсидия екі есе көп бөлінеді. Сонымен қатар мемлекет жабдық сатып алуға кеткен шығынны 40 пайызына дейін өтеп бере алады. Мұның әрі заңда жазылған. Қазір біз барлық нормативтік актіні бірлесіп зерттеп жатырмыз және кәсіпкерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Тағы бір жергілікті кәсіпкер үлкен көкөніс қоймасын құруға мүдделі. Алайда ол «Даму» қорынан субсидия күтіпотыр. Өйткені банктердегі несие бойынша пайыздық мөлшерлемелер өте жоғары», – деді Атырау облысы ӨКП Жылыой ауданы бойынша филиалының директоры Еран Нұрланов.

Бүгінде Жылой ауданында  7336 кәсіпкерлік субъект бар, онда 13807 адам жұмыс істейді. Бизнесті қорғау желісі бойынша Палатаның аудандық филиалына кәсіпкерлерден 8 өтініш келіп түсті, оның ішінде – мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік бағдарламалар, инфрақұрылым және әкімшілік кедергілер саласындағы мәселелер. Олардың барлығы бүгінде оң шешімін тапты.

Жыл басынан бері филиалда 176 кәсіпкерлік субъекті 528 консультация алды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта филиал және аудандық Іскер әйелдер кеңесі тұрақты негізде бизнеске арналған түрлі семинарлар, тренингтер, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырады.

Өңірлік кеңес мүшелері осы жылдың бірінші жартысындағы аудандық филиалдардың жұмысына оң баға беріп, екінші жартыжылдыққа бірқатар ұсыныстарын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер