«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлікті қолдау – уақыт талабы

2023 жылғы 23 Тамыз
- Ұлытау облысы
9362 просмотров

 

Бүгін Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс VII сессиясы өтті. Мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов тізгінін ұстаған мандат иелерінің басты жиынына аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Аудан орталығынан сыртқары аумақтарда тұратын депутаттар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері сессия жұмысына ZOOM-платформасы арқылы қосылды. 

Сессияның күн тәртібіне «Ұлытау ауданында бөлшек салықтың арнаулы режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» мәселе қойылып, оған қатысты хабарламаны аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Гүлнар Ауғанова жасады. Ол аталған салаға жауапты тұлға ретінде мәселенің маңыздылығын егжей-тегжейлі сипаттап, шарттылықтары мен күтілетін нәтижелер туралы толыққанды түсініктеме берді. Депутаттар тарапынан туындаған сауалдарға тұщымды жауап қайтарды.
Қарастырылған сауалдың мәні мен мазмұнына қысқаша қайырғанда төмендегідей сипаттама берген жөн:
Арнаулы салық режимі мөлшерлемесін 4 проценттен 2 процентке төмендету, тиісінше, салық жүктемесін жеңілдету арқылы бизнес ахуалды одан әрі жақсартуға, бизнесті заңдастыруға және кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Сессияда бұл мәселеге байланысты оң шешім шығарылды.



 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер