«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық бизнес Қытайдың CODA компаниясымен ынтымақтастық орнатты

2023 жылғы 23 Тамыз
6440 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов  Шет елдердегі кәсіпорындарды дамыту жөніндегі Қытай қауымдастығы (CODA), «Jiaxin International Resources Investment Ltd», «Жетісу Вольфрамы» ЖШС өкілдері бастаған делегациямен кездесті.

«Біз тау-кен металлургия, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, сауда, энергетика, мұнай-газ химиясы саласында ынтымақтасуға дайынбыз. Қазақстандық кәсіпкерлер Қытайдың заманауи технологияларына қызығушылық танытып жатыр. Бұл шара Қазақстаннан шикізат пен жартылай фабрикаттар ғана экспортталмауы үшін қолға алынып отыр. Бізге қосылған құны жоғары өнім өндіру үшін қайта өңдеу технологиялары қажет», – деді ҰКП басшысы Райымбек Баталов.

Спикер бірлескен іс-шаралар жоспарн әзірлеп, үш айда бір рет аралық қорытынды жасап отыруды ұсынды.Райымбек Баталов Ұлттық палата Үкімет пен өңірлер деңгейінде мәселелерді шешуге жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.

Шет елдердегі кәсіпорындарды дамыту жөніндегі Қытай қауымдастығының төрағасы   Хэ Чжэньвэй бірлескен жұмысқа дайын екенін айтты.

«Біз қытайлық инвесторларды Қазақстанға белсенді тартатын боламыз. Меморадумға қол қою – алғашқы қадам. Біз үнемі байланыста боламыз. Біз Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа мүмкіндіктерді көрдік, ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге шығатынына сенімдіміз», – деді Хэ Чжэньвэй.

Спикер екі ел арасында саудадан басқа да салаларда әлеует барын айтты. Келешекте инвестициялық жобалардың тізімі кеңейтілетін болады.

Келіссөздер нәтижесінде «Атамекен» ҰКП шетелде кәсіпорындарды дамыту бойынша Қытай қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. CODA –  бизнес пен Үкімет арасындағы байланыстырушы көпір рөлін атқаратын, консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсететін, түрлі іс-шараларды ұйымдастыратын инвестициялар саласындағы жалғыз коммерциялық емес ұйым.

Құжатқа «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов және Қауымдастық басшысы Хэ Чжэньвэй қол қойды. Тараптар өз құзыреті шегінде сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты, сондай-ақ мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы өзге де іскерлік байланыстарды нығайту және кеңейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уағдаласты.

«Тараптар екі жаққа тиімді жобалар мен стратегиялық және инвесторларды іздеуде белсенді ынтымақтасуға, екіжақты инвестициялар үшін жағдай жасауға жәрдемдесуге ниетті», – делінген меморандумда.

Сондай-ақ, ұйымдар халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Қазақстан мен Қытай аумағында көрмелер, форумдар, семинарлар, жобалар, инвестициялардың презентациясын өткізуде ынтымақтасатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер