«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысындағы жеменшік балабақшалар мен мектептердің иелері тең емес жағдайларға шағымданды

2023 жылғы 22 Тамыз
- Жамбыл облысы
10261 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығының Жамбыл облысы филиалының мүшелерімен жиын өтті. Сала үшін өзекті мәселе қаралды.

Жиын қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова, Жамбыл филиалының директоры Эльнара Құрманалиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова және кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.

Күн тәртібінде жеке мектептерде жан басына қаржыландыру, оқулықтармен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Негізгі түйткілді мәселелер, ең алдымен, қаржыландырудың жеткіліксіздігіне, қаражаттың әділетсіз бөлінуіне қатысты – мемлекеттік ұйымдар ақшаны үш көзден алады, ал жеке ұйымдар тек жан басына шаққандағы қаржыландыруды алады. Тегін ыстық тамақ және тегін оқулықтармен қамтамасыз ету –  мемлекеттік мектепте оқитын балаларға ғана қарастырылған. Бұл мәселелерді Жамбыл облысының жеке балабақшалары мен мектептерінің басшылары көтерді.

«Жеке мектептерде оқитын балалардың құқығы неге осылай тапталып жатыр? Ал бізге қойылатын талап күн санап артып келеді. Мысалы, миллондаған теңге тұратын турникет орнату, ІІД басқару орталығына қосылған бейнекамераларды қосу талаптары қойылды. Бұл шараларға мемлекеттік мектептерге қаражат бөлінеді. Көпшілік: кәсіпкерлер өз пробемасын өзі шешсін» деп ойлауы мүмкін. Көп кәсіпкер осы салаға инвестиция салды, несие ады, білім берудің жеке ұйымдарын ашты. Бұл шаралардың барлығын кәсіпкерлер «Балапан» бағдарламасы бойынша балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды қамтамасыз ету бойынша мемлекетке көмек қажет болғанда бастады, жұмыс орындарын ашып, шенеуіктерге сенді. Бірақ бұл салада мәселелер қордаланып қалған, шешімі жоқ», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова.

«Қаржыландырудың жеткіліксіздігі мәселесі шынымен де бар. Мысалы, жеке балабақшалар мен мектептер жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінде мұғалімдер санаттары үшін қосымша төлемдер қарастырылмағанын айтып жатыр. Сәйкесінше жеке бақша немесе мектептің еңбекақы төлеу қоры мұндай қосымша төлемдер жасауға мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жұмыс істейтін жекеменшік мектептер оқулықтар сатып алу немесе бұл мәселені ата-аналардың иығына жүктеуге мәжбүр. Бұл балалардың тамақтануымен бірдей жағдай. Жоғарыда аталған проблемалар жүйелі сипатқа байланысты «Атамекен» Ұлттық Палатасы проблемаларының тізіліміне енгізілген. Сондай-ақ проблеманы премьер-министрдің орынбасары Е. К. Жамаубаев пен отандық кәсіпкерлер кеңесінің қарауына шығардық», – деді «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов.

Жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік аз қамтылған балаларды тамақпен және оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесін ішінара шешу мүмкін болды. Қалған проблемаларды шешу үшін қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу талап етіледі.  Ұлттық палата тиісті ұсыныстарды Оқу-ағарту министрлігіне енгізді.

Үздіксіз білім беру қауымдастығының Жамбыл облысы филиалының директоры Эльнара Құрманалиева мемлекеттік тапсырыс мөлшерін қажетті арттыруды қамтамасыз ете отырып, жаңа қаржы жылына арналған білім бөлімдерімен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдармен шарттар жасасу туралы ұсыныс айтты. Өйткені педагогтардың жыл сайынғы заңнамалық белгіленген еңбек демалыстарын беруге қолда бар қаржыландыру жеткіліксіз. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар педагогтардың біліктілік санаттарын төлеуге 30-50% - дан бастап шығындарды қосу, медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, тәрбиешілердің көмекшілерінің еңбекақысын 21%-ға арттыру мәселелерін қарауды талап етті.

Кәсіпкерлер жекеменшік мектептердегі мемлекеттік тапсырыстарды мемлекеттік тапсырыссыз және ата-аналық төлемсіз қалатын демалыс және сауықтыру жәрдемақыларын төлеу кезеңінде – 1 айға ұзартуды сұрайды. Сондай-ақ, оқулықтар, ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Өйткені, бұл – мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыра отырып, жеке білім беру ұйымдарына баратын балалардың конституциялық құқығын бұзу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер