«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлытау өңірінің кәсіпкерлері техникалық реттеу саласында жаңа білім алды

2023 жылғы 18 Тамыз
- Ұлытау облысы
9300 просмотров

Ұлытау облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Бағдат Түбековамен кездесті.


"Ашық есік күні" барысында құрылыс компанияларының өкілдері, құрылыс өнімдерін сатушылар үшін Техникалық реттеу, өнімді айналымға шығару кезінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау, стандарттау саласындағы аккредиттеу, бағалы металдар мен асыл тастарды сату кезіндегі заңнама талаптары түсіндірілді.

— Заманауи бизнесті жүргізу заманауи тәсілді талап етеді, әсіресе, бұл барлық уақыттағы өзекті болған құрылыс саласына қатысты. Көп жағдайда тұрғын үйдің қауіпсіздігі мен оның беріктігі құрылыс материалдарының сапасына байланысты. Бүгін алған біліміміз бізге жұмыста көп көмектеседі және басқа компаниялармен ынтымақтастығымыздың көкжиегін кеңейтеді, - деп атап өтті кәсіпкерлер.


 Бұдан басқа, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" Техникалық регламенттің талаптары түсіндірілді.


Бағдат Бекетқызы күмән тудыратын сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды қолдануға жол бермеу қажеттігін атап өтті. 
 Кездесу барысында кәсіпкерлік субъектілерін қызықтыратын мәселелер талқыланды.




Еншілес ұйымдар

Серіктестер