«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытайдың ірі ритейл компаниясы қазақстандық өнімінің экспортқа әлеуетін бағалайды

2023 жылғы 16 Тамыз
6698 просмотров

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин және «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов бастаған қазақстандық делегацияның Қытайдағы жұмыс сапары жалғасып жатыр.

Делегация Бейжіңде бірқатар кездесу өткізді. Іс-шараның бірі  – әлемдегі ірі  электрон коммерцияның платформасы JD жұмысмен танысу. Бұл компания Amazon және Alibaba сияқты танымал, Fortune Global 500 құрамына кіреді, әлемдегі ең ірі 500 компанияның рейтингіне енген. 

JD компаниясында 500 мың адам жұмыс істейді. Компания жоғары беделге ие, өзінің логистикалық желісі бар, осындай сервистері арқылы азық-түлік, киімнен бастап электроникаға дейін сапалы тауарларды қысқа мерзімде жеткізеді. Жергілікті және халықаралық брендтерге Қытайдың қарқынды дамып келе жатқан электрон коммерция нарығының мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі.

ҰКП басшысы Райымбек Баталов қазақстандық тауарлардың шетелге шығуы үшін, атап айтқанда кәсіпкерлерді оқыту бойынша JD өкілдеріне ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

«Қазақстан компаниялары үшін бұл өз өнімдерін сатудың орасан зор мүмкіндігі», – деді Райымбек Баталов.

Еске салсақ, осы жылдың мамырында Мемлекет басшысының Қытайға сапары кезінде JD.сom электрон алаңында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Отандық тауарлардың алғашқы партиясы рекордтық қысқа мерзімде сатылып кетті.

 Мұндай ұсынысқа JD компаниясы өкілдері қазақстандық тауарлардың экспорт бойынша мүмкіндіктерін бағалауға дайын екенін айтты.

«Қазақстан ұсынған тауралардың қаншалықты перспективалы екенін бағалай аламыз», – деді компанияның топ-менеджері Ларри Ли.

Сондай-ақ Бейжіңде CITIC Construction компаниясымен келіссөздер өтті. Бұл қытайлық құрылыс және инженерлік компания, Қазақстанның инвестициялық серіктесі – CITIC Group-тың еншідес ұйымы. Еске салсақ, осы жылдың мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев CITIC Group басшысымен кездесіп, кездесу барысында CITIC Construction энергетика және мұнай-химия өнеркәсібі салаларындағы жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша қазақстандық әріптестерімен бес коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Тағы бір кездесу  қытай ауылшаруашылық ғылымдары академиясының ауылшаруашылық геномикасы институтында өтті. Институт 2014 жылы Шэньчжэньде, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы министрлігі мен қытай ауылшаруашылық ғылымдары академиясында құрылды. Институт жұмысына талантты зерттеушілер тартылды және 2020 жылы ұлттық ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институттары арасында бірінші орынға ие болды.

Қытайлық тәжірибе қызықты, өйткені олар тұзды топырақта күріш өсіру технологиясын қолданады, жерді қалпына келтірумен айналысады. Бұл Қазақстан үшін, атап айтқанда Қызылорда облысы үшін де өзекті бағыт.

China General Technology Group (Genertec) басшылығымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бұл компания машина жасау, фармацевтика, денсаулық сақтау қызметтері, жылжымайтын мүлік, инженерия және құрылысқа мамандандырылған Қытай мемлекеттік көпсалалы конгломераты.

Бейжіңнен кейін қазақстандық делегация Үрімшіге бет алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер