«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының 200-ден астам кәсіпкер тегін заңгерлік кеңес алды

2023 жылғы 14 Тамыз
- Алматы қаласы
7130 просмотров

Алматыда кәсіпкерлерге тегін құқықтық көмек көрсету бойынша акция өтті. Оны Алматыс ыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Акция «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары шеңберінде жүзеге асырылды.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдардың басшылары мен білікті заңгерлер 268 бизнес субъекті орналасқан «FORUM» сауда-ойын-сауық орталығында кеңес берді.

Сұрақтардың басым бөлігі кеден бекеттерінің өткізу қабілеті, тауарларды ресімдеудегі шамадан тыс құжаттама, жер қатынастары және құрылыс бойынша көтерілді.

«Біз кәсіпкерлердің алдында тұрған әкімшілік кедергілерді анықтау және жүйелі түрде жою арқылы бизнестің мемлекетпен қарым-қатынасын барынша жеңілдеткіміз келеді. Бұл акция кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қоюға көмектеседі деп сенемін», – деді Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев.

Еске салсақ, Агенттік кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне шектеулерді жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асырып жатыр. «Бизнеске жол» жобасы аясында республика бойынша 10 мың кәсіпкермен 700-ден астам кездесу өткізілді. 23 салада 340-тан астам түйткілді мәселе шешілді, 9,2 мыңнан астам кәсіпкерге көмек көрсетілді.

Жер пайдалану құқығын іске асыру, инфрақұрылым объектілеріне қосылу, ақпарат алудан және шектеуді алып тастау бойынша өтініштері негізсіз қаралмаған  кәсіпкерлердің 210 мәселесі шешілді.

«Мұндай диалогтар ШОБ субъектілеріне ғана емес, нарықтың түйткілді мәселелерін бақылау үшін де маңызды. Қазір біз жер қатынастарында, мемлекеттік сатып алуларда, салықтар бойынша көптеген мәселелер бар екенін көріп отырмыз», – деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі басқарушы директоры Мейрамбек Қаныбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер