«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда жасанды қармен жабдықталған кәсіби жаттығу базасы салына ма?

2023 жылғы 08 Тамыз
8601 просмотров

«Алтай альпі» тау шаңғысы курортының басшысы, фристайл және сноуборд федерациясының негізін қалаушы Александр Чиликин өз компаниясының мысалында Шығыс Қазақстан облысында спорттық туризмнің дамуы жайында айтты. Спикер әлемдік деңгейдегі қазақстандық спортшыларды даярлау үшін жасанды қармен жабдықталған жаттығу базасы қажет деп санайды.

 

– Компанияңыз жайында, Шығыс Қазақстан облысындағы спорт және туризм нысандары туралы айтып өтсеңіз.

– Шығыс Қазақстан облысындағы туризм саласы – өңір, оның ішінде қысқы спорт түрлерін дамыту үшін перспективалы бағыттардың бірі. «Алтай альпі» компаниясы өз қызметін 2005 жылдан бастады. Біз 200-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Саланы дамытуға қазірдің өзінде 3 млрд теңге инвестиция салынды. Біздің тау шаңғысы курортында 17 км дайындалған трассалар, 5 аспалы жол, 4 қонақ үй ғимараты бар, жалпы нөмірлік қоры – 35 бөлме. Қазіргі уақытта нөмірлік қоры бар қонақ үй құрылысын аяқтап жатырмыз. Онда 24 нөмір. Бір жыл ішінде тау шаңғысы курорты 2000-нан астам туристі және 190 мың демалыс турисін қабылдайды. Сонымен қатар, фристайл және сноуборд спортшылары «Алтай альпі» базасында жаттығады.

 

- Тау-шаңғы курортында спорт жаттығулары үшін база бар ма?

– Қазақстанда әлемдік дәрежедегі спортшылар бар, ал жыл он екі ай жаттығу жасайтын база қарастырылмаған. Бұл мәселені мүмкіндігі бар спортшылар шетелге барып шешіп жүр. Спорт министрлігі жыл сайын ұлттық құрама командалардың мүшелерін Олимпиада ойындарына және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуға дайындауға бюджеттен 300 млн теңгеден астам қаражат бөледі. Алайда, фристайлдан ең көп дегенде он шақты спортшы шығады, қалғандары тасада қалады. Біздің спортшылардың әлеуеті жоғары. Фристайл мен сноуборд – өте перспективалы спорт түрлері, сондықтан бізде әр түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуге және спортшыларды даярлауға барлық мүмкіндік бар. Сондықтан, Шығыс Қазақстанда қысқы спорт түрлерін дамыту үшін инвестиция сомасы 3 млрд теңгеге тау шаңғысы, фристайл және жасанды қарлы сноуборд бойынша оқу-жаттығу орталығын салу жоспарланған.

 

​​​​​- Заманауи база салынса, спорттағы жағдай өзгере ме?

– Үздіксіз жаттығу процесінің жұмыс істеуі үшін сноуборд пен фристайлды қоса алғанда, тау шаңғысы спорт түрлері бойынша даярлыққа жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты үкіметтен оқу-жаттығу орталығын жоғарыда аталған спорт түрлері бойынша мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды сұраймыз. Біз өз кезегінде әлемдік аренада қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық спортшыларды ілгерілетуге дайынбыз. Сондай-ақ, тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсеткен тренерлердің қолдауы қажет екенін атап өтемін.

Салық мәселесі өзекті. Біз қызметімізді кәсіби спортқа, спорт туризмнің дамуына арнадық, саламатты өскелең ұрпақты қалыптастырып жатырмыз. Адамдарды жұмыспен қамтыдық. Бірақ проблема көп, кәсіпкерге деген қарым-қатынасты өзгерту керек. Біріншіден, 20 жыл бойы салықты уақытылы төлеп жүрмін. Кейінгі үш жылда салық көлемі еселеніп келеді: 20 млн болды, содан кейін 40 млн, қазір 60 млн теңгеге жетті. Биыл жарты жылға 60 млн теңге төледік. Ішкі туризм мемлекет тарапынан ерекше назарға алынуы керек деп санаймын. Туризмнің  белсенді дамуы үшін салық жеңілдігі керек. Ал қазіргі жағдайда кәсіпкер саланың дамуына құлықсыз.

Екінші мәселе – электр энергиясы, кәріз жүйесі, сумен жабдықтау. Мемлекет тарапынан базалық инфрақұрылымды туристік және спорттық нысандарға жеткізу мүмкіндігі көзделгенімен, мәселенің ауыртпалығы кәсіпкерлердің иығына жүктеледі. Кәсіпкер өз ақшасына сумен жабдықтау, кәріз және электр энергиясына жоба жасап, сондай-ақ қаралуы мүмкін құжаттардың үлкен пакетін жинауы тиіс. Сонымен қатар, біз Таулы Үлбі шатқалында орналасқанбыз. Біздің нысанға электр желілерін қамтамасыз ету трассасы шектеулі. Бұл жолдар сапасына да қатысты. Бізде бизнесті одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жоқ.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер