«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеткізушілер алаяқтарға жиі тап болады – Ұлттық палата

2023 жылғы 07 Тамыз
6391 просмотров

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша Мемлекеттік сатып алу порталында 30 күн бойы төленбеген тапсырыстар бойынша хабарламалар пайда болады. Бұл шара жеткізушіге жеткізілген тауар немесе орындалған жұмыс үшін уақтылы төлемеу қаупін уақтылы бағалауға мүмкіндік береді.

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының реттелетін сатып алу департаментінің басқарушы директоры Руслан Шоқаевтың айтуынша, қолданыстағы заңнамада тапсырыс берушінің жеткізушіге қарағанда заңнамада артықшылығы басым. Соның салдарынан клиенттер жылдар бойы қарызын өтемей, үлкен сомалар төленбеген жағдайлар бар.

«Бұл мәселенің бірнеше жыл бойы көтеріп келеміз. Біз тіпті жосықсыз тапсырыс берушілердің тізілімін құруды ұсындық. Өз міндеттемесін орындамайтын клиенттер де қара тізімде болды. Бұл олардың қызметін шектейтінін түсінеміз, бірақ жағдайды реттеу керек. Мысалы, Қызылорда облысы мен Абай облысында жеткізушілер жүздеген миллион теңгеге міндеттемесін орындаған жағдайлар бар, ал сол жұмысы үшін қашан төлем алатыны белгісіз», – деп толықтырды Атамекен өкілі «Ab Talks» бағдарламасының эфирінде сөйлеген сөзінде.

Кейбір тапсырыс берушілер банкрот болса да, Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енген болса да, мемлекеттік сатып алуға жоспар құрып жүр, тіпті жоспарын жариялайды да.  Сонымен қатар, оңалтудағы өнім берушінің Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңның 6-бабында көзделген шектеудің болуына байланысты сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.

Еске салсақ, Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы әзірленді. Президенттің тапсырмасы бойынша ол сатып алу рәсімдерін жетілдіруге бағытталуы керек. Назарда тек төмен баға ғана емес, сонымен қатар тауардың сапасы да болғаны шарт.

«Атамекен» ҰКП мамандары заңның шектеулі сипатын алға тартты. Мүдделер қақтығысы сияқты факторлардың болуы, барлық фнукция Қаржы министрлігінің қолында жинақталуы аталып өтті.

«Жоба қаржы министрлігімен әзірленді. Министрлік Электрондық қаржы орталығы арқылы сатып алу процесін өзі бақылайды, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы бақылауды жүзеге асырады. Бастапқыда бізден бақылау мен әдіснаманы бөліп, оларды басқа мемлекеттік органдарға беру туралы ұсыныс жолданды, бірақ әзірге бұл ұсыныс қолдау таппады», – деді Руслан Шоқаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер