Дана Бекбауова: Тиімді несиелеу атаулы көмек алушыларға өз бизнесін ашуға мүмкіндік береді
Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері "Ауыл аманаты" бойынша кім және қандай шарттармен несие ала алатынын түсіндіреді. Бір апта бойы бизнес-десант Әйтеке би ауданының шалғай жақтарын аралап шықты.
Ауылдық округтерде халықпен кездесу өткізілді, жеңілдетілген кредит беру мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері мен әлеуеті талқыланды, қаржыландыру шарттары мен тетіктері, сондай-ақ "Атамекен" қызметтері жеткізілді.
Ауыл тұрғындарына идеялар беру және оларға өз бизнесін бастауға көмектесу -жұмыс тобының негізгі миссиясы, деп атап өтті ӨКП директоры Дана Бекбауова.
"Кәсіпкерлер палатасы "Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асырудың алғашқы күндерінен бастап процеске тартылды. Біз әркімге кеңес беруге, оқытуға, құжаттарды жинауға, бизнес-жоспар әзірлеуге және заңгерлік қолдауға көмектесеміз. Барлық аудан орталықтарында Палатаның филиалдары жұмыс істейді, сондықтан облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Әлеуетті қарыз алушыларды бастапқы іріктеуді ауыл әкімдіктері жүзеге асырады. Бағдарламаға 18 жасқа толған әрбір адам, оның ішінде тұрақты жұмысы мен жалақысы жоқ азаматтар қатыса алады. Мұндай шарттарды бірде-бір банк ұсынбайтынына келісіңіз. Сонымен қатар, мемлекет жеңілдікті пайыздық мөлшерлеме бойынша қолайлы жағдайлар, кредиттік демалыстар және жеке қосалқы шаруашылықты немесе бизнесті дамытуға басқа да мүмкіндіктер ұсынады", - деді өңірлік палата директоры ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында.
Өз кезегінде палатаның Шалқар филиалының директоры, бизнес-жаттықтырушы Бақытжан Анапин Әйтеке би ауданыны тұрғындарының назарын кез келген хоббиді бизнесті жүргізудің ең қарапайым түріне — ЖК-ке аударуға немесе кооперация ұйымдастыруға болатындығына аударды. Мысалы, бау-бақша, жылыжай ісі, тігін өндірісі, консервілеу, жолаушылар тасымалы және т.б. бағыттарда.
Хромтау ауданының әріптесі Ұлан Жаналинмен бірге олар бағдарламаға қатысудың пайдасын қарапайым тілмен түсіндіріп, жәрдемақылардан бас тартуға шақырды.
Әйтеке би ауданында бүгінде "Ауыл аманаты" бойынша 74 өтінім қабылданып, 53 өтінім мақұлданған. Жобалардың ең көп саны — Құмкұдық, Аралтоғай, Қарабұтақ және аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылында.
Мысалы, Қарабұтақ ауылының жеке кәсіпкері Ардақ Досшанова азық-түлік және құрылыс дүкеніне салынған ғимарат жанындағы кондитерлік цехтың жабдықтарына өтінімнің мақұлдауын алды. Кәсіпкерден кондитерлік іс бойынша оқыту қажеттілігі бойынша сұраныс айтылды. "Атамекен" жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы арқылы пысықталатын болады.
Сондай-ақ, Сарат ауылының тұрғыны Гүлнар Шынтемірова "Мен кәсіпкер" құралының "Кәсіпке бағыт" оқуына жазылды. Ол торттар мен басқа да кондитерлік өнімдер, нан стандартты рецепт бойынша жасайтының айтты. Ол ӨКП-да аспаздық шеберлікке және кәсіпкерлік негіздеріне үйретіледі.
"Мен жеке ұйымда бухгалтер болып жұмыс істеймін, декреттік демалысқа дайындалып жатырмын. Бірақ мен бос отыруды ойламаймын. ЖК аштым. Мен өзімнің цехымды ашуды жоспарлап отырмын. 2,5% несие алуға өтінішім мақұлданды. Құрал — жабдықтарды сатып алуға және болашақ цех орның жөндеуге қаражат қажет болды", - деді Гүлнар Шынтемірова идеяны жүзеге асырғысы келетін нысанды көрсетіп.
ӨКП директоры СЭС нормативтерін сақтау бөлігінде ұсынымдар берді.
Сондай-ақ, "Ауыл аманаты" бағдарламасының әлеуетті қатысушыларының объектілеріне шығу жүзеге асырылды. Кездесулердің қорытындысы бойынша ТҚС, монша, наубайхана, жылыжай, асыл тұқымды ірі қара мал өсіру және т. б. бағыттар бойынша жеке кеңес алғандар болды.
Халықтың барлық сұраныстары мен ұсыныстары Кәсіпкерлер палатасының жұмысына алынды. Жақын арада нысаналы топты оқыту және бизнес–жобаларды нүктелік сүйемелдеу мақсатында Әйтеке би ауданына қайта шығу жүзеге асырылатын болады.
Әйтеке би ауданында 15 округ, 27 елді мекен бар, оларда 21 мыңнан астам адам тұрады.
Мұндай жұмыс облыстың басқа аудандарында да ішкі жоспар бойынша жүргізіледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: