«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сауда Әлемі Конвентінің трансформациясы. Шарада қатысушыларды не күтеді?

2023 жылғы 03 Тамыз
5590 просмотров

Алматы қаласында 19-21 қазан күндері өтетін XVIII Халықаралық Сауда Әлемі Конвентіне қатысты негізгі сұрақтарға оның ұйымдастырушысы Елена Сарғалдақова жауап берді.

- Сауда Әлемі Конвентінің трансформациясы туралы айтып беріңізші. Алдағы шарада қандай өзгерістер болмақ?

Біз Конвентті алуан түрлі етуге тырысамыз. Сондықтан биыл күзде Сауда Әлемі Конвентін жаңа форматта өткізуді және азық-түлік, DIY тауарлары, дрогери, сән, электроника және басқа да тауарларды қосқанда сауда нарығының барлық салаларын қамтуды жоспарлап отырмыз. Ғаламдық экономиканың маңызын әрі оның осы салаға әсерін, сонымен қоса саудадағы тез өзгеріп отыратын тенденцияларды ескере отырып, біз саудаға қатысты ғаламдық міндеттер мен мүмкіндіктерді талқылау үшін ТМД елдерінің инноваторларын да шақырамыз. Сонымен қатар, біз жаңа технологияларды да назарға алып, ритейл саласындағы ең озық шешімдерді де ұсынамыз. Әрине, сондай-ақ өзара білім, тәжірибе және байланыс алмасу үшін оңтайлы кеңістік құрамыз. 

- Қатысушылардың күннен күнге артып келе жатқан сұраныстарын қанағаттандыру үшін қандай бағыттар қосылады?

Біз Сауда Әлемі Конвентінің бағдарламасына жаңа бағыт – Директорлар кеңесін қостық. Бұл 30-дан астам жетекші ритейл-компаниялардың топ-менеджерлері, ресми серіктестер және ТМД елдерінен тәуелсіз сарапшылар қатысатын стратегиялық сессия. Директорлар кеңесі бизнес-қоғамдастық өкілдері үшін бірігіп, қазіргі заманғы бөлшек сауда компанияларының алдында тұрған стратегиялық мәселелер мен сын-қатерлерді талқылауға бірегей мүмкіндік береді. Сессия шеңберінде сауда саласы компанияларының тәжірибелі директорларының озық идеялары, бақылаулары және үздік тәжірибелері ұсынылатын болады.

- XVIII Халықаралық Сауда Әлемі Конвентіне қатысушыларға шара барысында іскерлік байланыс орнату үшін тағы қандай қосымша мүмкіндіктер ұсынасыз?

Қатысушылар іс-шара барысында уақытын тиімді пайдалануы үшін біз іскерлік байланыстарды орнатудың көптеген қосымша мүмкіндіктерін ұсынамыз. Біріншіден, бұл Сатып алу орталығы – Ресей, Қазақстан, Беларус, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения және Грузиядан келген сатушылар мен дистрибьюторлармен тікелей жеткізушілер мен өндірушілер кездесетін тиімді келіссөздер алаңы. Екіншіден, Конвентте әлеуетті ынтымақтастық пен іскерлік байланыстарды талқылау үшін үлкен маңызы бар дәстүрлі болған гипермаркет форматындағы көрме өтеді. Бұдан басқа, Конвентке қатысушылар үшін іс-шараға жеке қатыса алмаған ТМД елдерінің сауда желілерімен және дистрибьюторларымен онлайн-келіссөздер ұйымдастырылатын болады. Еуразиялық сауда конгресі барысында панельдік пікірталастар мен семинарларда қатысушылар сұрақтарын қоя алады және сала сарапшыларымен және көшбасшыларымен талқылауға қатыса алады. Біз Конвенцияның барлық қатысушылары арасындағы ашық диалогты орнату арқылы іскерлік байланыстар үшін қолайлы және қолдаушы атмосфераны құруға ерекше назар аударамыз.

- Ұйымдастырушылар Конвентте ұсынылатын әрі талқыланатын тақырыптардың өзектілігі мен маңыздылығын қалай қамтамасыз етеді?

Біз Конвенттегі талқыланатын тақырыптардың өзектілігі мен маңыздылығының түсінеміз әрі бағалаймыз, сондықтан бағдарламаның сапалы болуы үшін бар күшімізді саламыз. Ол үшін қатысушылармен кері байланысты орнаттық, олардың қалауы, пікірі мен ұсыныстарын талдаймыз. Бұл қатысушылардың қажеттілігі мен мүддесін түсінуге көмектеседі. Біздің команда сауда саласындағы соңғы трендтер мен жаңалықтарды жіті қадағалап отырады. Біз жағдайды толық түсіну үшін осы саладағы зерттеулерді, аналитика мен сарапшылар пікірін қалт жібермейміз. Сонымен қоса жетекші эксперттермен, осы саланың өкілдері мен үкіметтік ұйымдармен әріптестік бағдарламаны әзірлеу барысында көп көмек береді. Осының арқасында біз бұл саладағы зерттеулерін, маңызды мәселелер бойынша түйгенін, тәжірибесі мен пікірін бөлісуге әзір мықты мамандарды Конвентке тартамыз.

XVIII Халықаралық Сауда Әлемі Конвенті Алматыда 19-21 қазан аралығында өтеді.

Бұл бөлшек сауда және әртүрлі тауарларды, технологияларды және ритейл жабдықтарын жеткізу саласында жұмыс істейтіндерге арналған бизнес-шара. Сауда әлемі Конвентіне ТМД елдерінен 500-ден астам маман қатысады деп күтіледі. Қатысушылар арасында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения және Грузиядан ірі сауда желілерінің өкілдері және басқа да түрлі елдерден келетін жеткізушілер бар. Сауда әлемі Конвенті алғаш рет жаңартылған форматта өтеді және азық-түлік, DYI тауарлары, дрогери, сән, электроника және т.б. қоса алғанда, сауда нарығының барлық салаларын қамтиды.

Сауда Әлемі Конвентіне eximexpo.kz сайты арқылы тіркелуге болады.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер