Ұлттық палата көмегімен 5 мың әйел түрлі бизнес бағытта оқудан өтті
Қазақстан өңірлеріндегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының жұмысы шеңберінде 8705-тен астам әйел консультация алып, қажеттіліктерді айқындаудан өтті. Оқу курстарына 4656 әйел қатысты. Курстар ауыл шаруашылығы, краудинвестинг және басқа да бағыттар бойынша өтті.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 694 672 адамды құрады. Соның ішінде әйелдер – 737 653. ҚР статистикасының деректері бойынша бұл 44%-ды құрайды. Кейінгі үш жылда шағын және орта бизнесте тіркелген әйелдердің саны жыл сайын артқаны байқалды. Мәселен, 2020 жылы 677 390 әйел, 2021 жылы – 680 897 әйел, 2022 жылы - 737 653 әйелді құрады.
Респонденттердің басым бөлігі үшін негізгі қызмет саласы – сауда (28%), атап айтқанда, азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудасы. Сондай-ақ, әйелдер білім беру (11%), жеке қызметтер (11%), қонақ үйлер/мейрамханалар/кафелер (10%), жылжымайтын мүлік (9%) және медициналық қызметтер (8%) сияқты салаларда бизнесті белсенді дамытып жатыр. Сонымен қатар, өз ісін ашуды жоспарлап отырғандар үшін сауда – ең тартымды ниша. (28%).
Өткен жылы өңірлік кәсіпкерлер палаталары базасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары пилоттық режимде жұмысын бастады. Бұл жоба Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен серіктестікте және Қазақстан үшін ниеттестік қоры шеңберінде Азия даму банкінің қаржылай қолдауымен іске асырылды. 8705-тен астам әйелге консультация беріліп, қажеттіліктерін анықтау скринингі жүргізілді.
Жоба есебінен қаржыландырылатын оқу курстарынан басқа, әйелдерді жаңа дағдыларды игеру, қажетті біліктіліктерді анықтау мен бизнесті жүргізуге ынталандыру мақсатында бүкіл ел аумағында жеке қабілеттілік пен бизнес біліктіліктерді дамыту бойынша онлайн-курстар, вебинарлар өткізілді.
Биылғы жылдың басынан бастап Әйелдер кәсіпкерлерді дамыту орталықтары «Мен кәсіпкер» құралы шеңберінде және 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде еліміздің 20 өңірінде жұмыс істейді. Бұл жобанаың операторы – «Атамекен» ҰКП (кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары). Жыл басынан орталықтардың көмегіне 4084 әйел жүгінген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: