«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматының үздік тауарлары анықталды

2023 жылғы 29 Шілде
- Алматы қаласы
10386 просмотров

 Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Байқауға 80-ге жуық алматылық компания өтінім берді. Биыл көрме ҚР Тұңғыш Президенті саябағында ұйымдастырылды. Қаз қатар тізілген ақ шатырлар отандық өнімнің түр-түрін қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынды.

Азық-түлік өнімдері, ұлттық нақыштағы бұйымдар, киім, аяқ киім, көрпе-жастықтан бастап, кабель, жиһаз, адамның қан қысымы мен жалпы жай-күйін бірден анықтайтын жоғары технологиялық аппараттар қойылды.

«Дәстүрге айналған «Қазақстанның үздік тауары» көрме байқауы алматылық өндірушілер үшін жылсайынғы мереке іспетті. Көрме арқылы қала тұрғындары мен қонақтары отандық өнімдерді көреді, жоғары сападағы тауарларды өзіндік құнмен сатып алуға мүмкіндік алады. Кәсіпкерлер бір-бірімен танысады, нарықтағы әлеуетті, бәсекелестерді бағалайды, өзара іскерлік байланыс орнатады. Бүгін көрмеге балаларын ертіп келген отбасылардың көптігі қуантты», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Нариман Ибрагимов.

Мынадай үш номинация бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» үздік тауар өндірушілер анықталды. Жеңімпаздарды жергілікті атқарушы органдар, бизнес-қоғамдастық, кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірік кеңестің мүшелерінен құрылған арнайы комиссия анықтады. Әр номинация бойынша 3 жеңімпаз іріктелді.   Өңірлік іріктеудің жеңімпаздары жылдың соңында ҚР Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, оңтүстік астана – Қазақстандағы кәсіпкерлік бастаманың орталығы. Қалада өңірлік экономиканың жартысынан астамын (53,9%) құрайтын шағын және орта бизнес дамыған. Онда 871,9 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 79,5%-ы жұмыс істейді.

«Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес қала экономикасының іргетасы іспетті. Қалада барлығы 380 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъекті тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға жоғары көрсеткіш (312 784 бірлік). Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 323 083 бірлікті құрайды. Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 39%-ға жоғары (233 030 бірлік). Республика бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы Алматының үлес салмағының шамамен 16,2% құрайды, сол арқылы осы көрсеткіш бойынша мегаполис жыл сайын Қазақстан бойынша бірінші орынды алады», – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының  жетекшісі Берік Солтанбаев.

Көрме-байқауға келген қонақтарға арнап концерттік бағдарлама және бағалы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды.

«Сапа саласындағы беделді байқауға екінші рет қатысып жатырмыз. Бізге өз саламызда үздік болу, басқа әріптестремн танысу маңызды. Былтыр «Іскер» номинациясында үздік атандық. Жалпы инновациялық технологиялар саласында ілгерілеу бар, осы бағтың дамуына үлес қосып жатқанымызға қуаныштымын. Отандық өндірушілерді қолдайтын осындай көрмелер жылына бірнеше рет өткізілуі керек деп санаймыз», – деді «Мед365» ЖШС директоры Шыңғыс Құлахметов.

Сондай-ақ, алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы аясында жергілікті шикізаттан өндірілген «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдері ұсынылды. Байқау қолөнершілерді ынлатандыру, мықты шеберлерді анықтауға бағытталған. Қолөнершілер этникалық стилінде топтамалар, қыш, саз, металл, киіз және жібектен жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар мен кәдесыйларды көпшілік назарына ұсынды.

Айта кетйік, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде құрылған «Мен кәсіпкер» бағдарламасының құрауышы.

Байқау комиссиясының шешімімен «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында адамның қан қысымы мен жалпы жай-күйін бірден анықтайтын жоғары технологиялық аппараттарді өндіретін  «Meb365» ЖШС,  Құбырларларға есеп аспаптары және қосалқы бөлшектерді шығаратын «Қазақстан құбыр жүргізу жүйелері» ЖШС, Керамикалық гранит, табиғи тас өндіретін «City stone» ЖШС үздік атанды.

 «Халыққа арналған үздік тауарлар тауарлар» номинациясында  Тұрмыстық химия өнімдерінің кең спектрін өндіретін «Microhim» ЖШС, био тыңайтқыштар, төрт-түлікке арналған биологиялық қоспаларды өндіруші «Black biotechnology» ЖШС, жылу сақтау, оқшаулағыш материалдарды шығаратын «Teplostil» ЖШС топ жарды.  

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында фаст-фуд өнімдерін дайындайтын «Red Dragon Almaty» ЖШС, табиғи шырындар, компот, сусын өндіруші «Шарын шырыны» жеке кәсіпкерлігі, органикалық азық-түлік өнімдерін өндіретін «Organic foods»  ЖШС жеңіске жетті.

Бұл компаниялар оңтүстік астананың беделін республикалық деңгейде өтетін байқауда қорғайтын болады. Республикалық деңгей ҚР Президентінің қатысуымен өтеді.

«Бір ауыл – бір өнім» байқауында қатысушылар іріктеудің бағалау кезеңінен өтті. Байқау жеңімпаздары комиссияның дауыс беруінен соң 10 күннен кейін жарияланады.  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер