«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бөлшек салық – көлеңкелі экономикадан құтылу жолы

2023 жылғы 28 Шілде
7760 просмотров

Үкімет бөлшек салықтың арнайы салық режимін бекіткен соң 1 ай ішінде 2 мың кәсіпорын арнайы салық режиміне көшу туралы өтінім берген.  «Атамекен» ҰКП мамандары арнайы салық режиміне жоғары сұраныс көлеңкеде жұмыс істеп жатқан бизнесті ашық жұмыс істеуге көмектеседі деп санайды.

 Осы режимде жұмыс істейтін және оның шарттарын сақтап отырған кәсіпкерлердің ҚҚС бойынша есепке қою бойынша міндеттесі болмайды. Қазіргі кезде  ҚҚС шегі 20 мың АЕК-ті құрайтынын ескерсек, есепке қою қажеттілігінің болмауы шағын бизнес үшін үлкен жеңілдік болып отыр. Бөлшек салық үшін 4% және 8% екі салық ставкасы бар. Бөлшек салықты қолданатын кәсіпкерлер жұмысшылардың кірісінен бірыңғай төлем төлей алады.

 Салық төлеушілер арнайы салық режиміне басқа АСР-дан көшу туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап ауысуға құқылы. Арнайы салық режимі бойынша хабарлама қызметті жүзеге асыру орны бойынша қағаз жүзінде немесе электрон формада ұсынылады. Басқа құжаттар қажет емес.

 Кейінгі үш жылда ШОБ өкілдері ҚҚС төлеуден босатылған кезде елордада кәсіпкерлер саны екі есе өсті. Былтырдың өзінде 40 мың жаңа кәсіпкерлік субъект пайда болды. Кейбір кәсіпкерлер көлеңкеден шығып ашық жұмыс істеп жатыр деген болжам бар. Сондықтан бөлшек салық мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету заңсыз аймақта жұмыс істейтіндер үшін ынталандыру бола алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер