«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысының компаниясы Қазақстан экономикасына 80 млн. АҚШ долларына жуық сома инвестициялайды

2023 жылғы 27 Шілде
- Алматы облысы
10740 просмотров

JTI Алматы облысындағы жеке меншік фабрикасында жаңа темекі өңдеу цехын ашып, Қазақстанның экономикасына 80 млн. АҚШ долларына жуық сома инвестициялайды

Бүгін Қазақстанның шылым нарығының көшбасшысы Japan Tobacco International өндірісті елдің ішінде орналастыру және экспортты арттыру мақсатында Алматы облысындағы фабрикасында жаңа темекі өңдеу цехын ашты.   

JTI Қазақстанның экономикасына бағыттайтын жетекші инвестор және топ-10 тізіміндегі негізгі салық төлеуші болып табылады. Соңғы 5 жыл ішінде компания елдің экономикасына 530 млрд. теңгеден астам салық табысын қамтамасыз етті.

2020 және 2024 жылдар аралығында JTI өзінің қазақстандық фабрикасын қайта жабдықтауға 80 миллион АҚШ долларына жуық сома құюды жоспарлап отыр. Оның жартысы осы уақытқа дейін бөлінген. Өндіріс шамамен 20%-ға өседі (негізінен экспортқа) деген болжам бар, ал жаңа 100 жұмыс орны ашылғанда компанияның қызметкерлер саны 20%-ға өспек.

«Қазақстандағы өндіріске бағытталатын ондаған миллион доллар бұл нарықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Біздің бұл нарықтағы үлесіміз 42%-дан асады. Осы орайда біз тұтынушыларымызды сапалы өнім сұрыпталымымен қамтамасыз етуге талпынамыз. Алматыдағы фабриканың өндірістік қуатын ұлғайтумен JTI компаниясында темекі өнімдерін Қазақстаннан экпорттау көлемін өсіруге тамаша мүмкіндіктер туындайды. Бұл JTI ғаламдық жеткізу тізбегін нығайтудағы маңызды қадам», – дейді JTI Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы бас директоры Виктор Веклич.

Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада:

«JTI компаниясының жаңа инвестициялары жапондық компанияның ауқымды үлесі болып табылады. Мен осы инвестициялар Қазақстанның экономикасына және еңбекпен қамтылуына ықпалын тигізеді деп үміттенемін. Бұл жаңалық елші ретінде менің де назарымды аудартты. Жапония Қазақстанды сенімді саяси әрі экономикалық серіктес ретінде қарастырады, елдеріміздің арасындағы екі жақты өзара серіктестіктің аясы кеңейе беруін қалаймын»

Жаңа қайта өңдеу желілері елдегі өндірісті автономды етуге және экспортқа шығатын өнімнің сұрыпталымын кеңейтуге жол ашады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер