«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекетке кәсіпкерді жазалаудың орнына оған айыппұл салу тиімдірек

2023 жылғы 27 Шілде
7272 просмотров

«Атамекен» ҰКП мамандар алаяқтық жасау, бөтеннің мүлкін иемдену және ысырап еткені  үшін кәсіпкерді бас бостандығынан айырмай, оған бірнеше рет айыппұл салуды ұсынды. «Атамекен» ҰКП құқықтық қорғау департаменті директорының орынбасары Қайрат Тоқсанбаев мемлекет үшін бұл тәсілдің артықшылығы неде және бұл шара елдегі ахуалды қалай өзгерте алатыны туралы айтып берді.

«Ұлттық палата міндеттерінің бірі –  кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қамтамасыз ету және қорғау, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық және әлеуметтік жағдай жасауға жәрдемдесу, сондай-ақ кәсіпкерлік мүддені қозғайтын ҚР заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу. Ұлттық палата бұл міндеттерді бизнес алдында тұрған кәсіпкерліктің қандай да бір саласын талдау қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеу жолымен іске асырып жатыр», – деді спикер.

 Қайрат Тоқсанбаевтың айтуынша, кәсіпкерлікті экономикалық тұрғыда белсенді адамдар атқарады. Ол көп жағдайда тәуекелге барып, заңға қайшы әрекет жасайды. Мұндай әрекетке қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қолданыстағы заңнамада экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар үшін бас бостандығынан айырмайтын жаза қарастырылған. Алайда, кәсіпкерлер алаяқтық, иемдену және ысырап етуге байланысты қылмыстар жасайды. Мұндай қылмыстар үшін айыппұл емес, бас бостандығынан айыру қарастырылған.

 «Осығнай байланысты кәсіпкерлік салада экономикалық белсенді адамдарды жоғалтпау үшін «Атамекен» ҰКП мамандары заңнамаға «жазаны монетизациялау» ұғымын енгізуді ұсынады. Бұл шара бюджетке түсетін жүктемені азайтады. Өйткені кәсіпкерлерді түрмеде ұстаудың орнына мемлекет төленген айыппұл түрінде ақшалай қаражат ала алады», – деп атап өтті Қайрат Тоқсанбаев.

 Бұл ретте Қылмыстық кодексте айлық есептік көрсеткіштермен өлшенетін айыппұлдар және уәкілетті адамдарға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірнеше айыппұл тағайындау қарастырылған.

 «Біз мұндай жаза түрін кәсіпкерлерге де тағайындауды ұсынамыз. Басты талап – егер жасалған қылмыс адам денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірмесе онда кәсіпкер келтірілген материалдық залалды толығымен өтейді. Мысалы егер кәсіпкер құрылыста алаяқтық жасап, арзан материал сатып алса, соның салдарынан ғимарат құлап, адам шығыны болса, мұндай жағдайда сөзсіз айыппұлмен шектеулге болмайды», – деді «Атамекен» ҰКП өкілі.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер